Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Ауру түрі Науқас бала



бет104/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Ауру түрі

Науқас бала

Қарым-қатынастағы балалар

Туберкулез

Фтизиатр дәрігер анықтайды

  1. Манту белгісін қоюю

  2. Химиопрофилактика жүргізу

  3. Флюорография жасау

Дифтерия

Стационар толық жазылғаннан кейін бак. жағынды 2 рет теріс нәтиже көрсеткенше

  1. 7 күнге карантин

  2. Жұтқыншақтан жұғынды алу: теріс нәтиже көрсеткендерге рұқсат; токсигенді емес таяқша анықталса – балалар мекемесіне рұқсат + ЛОР ағзаларына санация жасау; токсигенді таяқша анықталса – ауруханаға жатқызу

Скарлатина

10 күнге оқшаулау (8 жасқа толмаған балаларға +12 күн үй жағдайында бақылау)

7 күнге карантин

Мысқыл

9 күнге оқшаулау

21 күнге карантин

Менингококты инфекция

Толық клиникалық жазыылғанша

  1. 10 күнге карантин

  2. Мұрын-жұтқыншақтың жұғындысын алу: теріс нәтиже көрсете – мектепке рұқсат; тасымалдаушыларға санация жүргізу +3 күн сульфаниламид тағайындау

Көкжөтел

30 күн оқшаулау

14 күнге карантин

Желшешек

Соңғы бөртпелер шыққаннан 5-ші күнге дейін

21 күн карантин (мекемедегі барлық балаларға)

Қызылша

Бөртпе шыққаннан бастап, 5 күнге дейін

21 күн карантин (барлық балаларға)

Қызамық

Бөртпе шыққаннан бастап, 5 күнге дейін

Карантин тағайындалмайды

Жедел ішек инфекциясы

Клиникалық жазылу және бак. тексеріс теріс нәтиже көрсеткенше

  1. 7 күнге карантин

  2. Нәжісін бак. тексеріске алу

Вирусты гепатит

Сарғаю басталғаннан 21 күнге (немесе ауру басталғаннан 30 күнге дейін)

  1. 35 күнге карантин

  2. Қанның биохимиялық тексерісін өткізу

Полиомиелит

21 күнге дейін

20 күнге карантин

Инфекциялық аурулармен күресу жолдары. Иммунизация. Емханада егу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру.
Иммунитет. Балалар иммунитетінің ерекшеліктері.
Иммунитет - организмнің генетикалық жат хабарлардың белгілерін тасымал дайтын тірі денелер мен заттардан қорғану әдісі. Иммунитет туралы ғылым- иммунология деп аталады. Оның негізін қалаушының бірі фагоцитарлық теорияны ашқан Илья Ильич Мечников. Иммунды жүйе барлық лимфоидты мүшелер мен денедегі лимфоидты клеткалардан құралады. Лимфоидты мүшелер мен клеткалар /айырша безі, талақ, лимфа түйіндері, топталған лимфатикалық фолликулалар, пейер табақшалары/ және басқа да лимфоидты жинақтар, сүйектің және қандағы лейкоциттер иммунитеттік мүшені құрайды. Бұл диффузды мүшенің жалпы салмағы 1,5-2 килограммдай болады. Олардың ішінде айырша безінің орны үлкен. Жаңа туған баланың айырша безінің салмағы-10-15 гр, талақтың салмағы-11 граммдай болады.
Организмнің қорғаныш әрекеттері арнайы және арнайы емес иммунологиялық реакциялар болып екіге бөлінеді. Арнайы иммунологиялық реакциялар клеткалық /Т-лимфоциттер/ және гуморальды /В-лимфоциттер/ болып екі түрге бөлінеді.
Арнайы емес қорғаныс механизмдері.
Арнайы емес қорғанысқа – терінің бактериоцитті, қарын сөлінің қышқылдығы, ферменттер, лизоцим, пропердин, фагоцитоз, комплемент, интерферон жатады. Бұл аталған заттардың ешқайсысы да арнаулы қарсылық көрсетіп қорғанбайды. Терінің бактерицидтік қасиеті оның бөліп шығаратын затының қышқылдығына, химиялық әрекеттердің барысында бөлінетін сутегі тотығына байланысты. Лизоцим –мембраналар мен тіндік барьерлердің өткізгіштігін реттеу үшін бөлінеді. Пропердин - организмнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Интерферон - жұқпалы және онкогенді вирустың өнуін басу қабілеті бар. Фагоциттер мен комплементтер /қан сарысуындағы заттар/ жүйелерінің біршама ерекшеліктері бар. Фагоцитоз дегеніміз - өзге денелердің, яғни микроорганизмдер немесе дененің өлі бөлшектерінің, жұтылуы болып табылады.
Арнайы иммунитет.
Арнайы иммунологиялық реакциялар орталық және шеткі иммуногенез мүшелерінен тұратын, организмнің иммундық жүйесімен іске асырылады. Кез келген арнайы иммунды жауапты күшейтуші затты антиген дейміз. Халықаралық жіктелу бойынша қанның сарысуындағы «антиденешік» белсенділігі бар белоктар - иммуноглобулиндер деп аталады. Олардың Iq М, Iq Q, Iq A, Iq E, Iq D түрлері бар.
Иммундық жетіспеушіліктің клиникалық белгілері 4 синдромға топтастырылған:
1. Инфекциялық /қайталап тұратын созылмалы инфекциялар/;
2. Аллергиялық
3. Аутоиммундық
4. Иммунопролиферативтік
Инфекциялық синдром. Оған қайталап тұратын созылмалы инфекциялар, ЖРВИ-мен жиі ауыру, рецидивті пневмониялар, баспалар, созылмалы тонзиллиттер т.б/ жатады.
Аллергиялық синдром. Оған атопиялық дерматит, нейродермит, ЖРВИ-ға жоғары сезімталдық байқалатын, ауыр атопиялық синдром байқалатын экземалармен білінеді. Сонымен қатар бұл синдромға тағамға, дәрі-дәрмекке, үй шаң-тозаңына, химиялық заттарға, биопрепараттарға байқалатын аллергиялық реакциялар жатады.
Аутоиммундық синдром. Дені сау адамдардың қанында әруақытта өз антигендеріне қарсы пайда болған антиденелерді аз мөлшерде анықтауға болады. Осыған байланысты өз мүшелерімен жүйелеріне қарсы иммундық жүйелерінің реакциясы байқалады. Яғни аутоаллергия байқалады. Бұл ауруларға ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, склеродермия, дерматомиозит, жүйелі васкулиттер, тромбоцитопениялар, гемолитикалық анемиялар, аутоиммундық тиреоидиттер, жайылған склероз, бейарнамалы жаралы колит жатады.
Иммунопролиферативтік синдром. Иммундық жетіспеушіліктің белгісі болып, ісік клеткаларынан шығатын лимфо және миелопролиферативтік аурулар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет