Алдын алу жолдары. Арнайы және жалпы шаралардан тұрады. Жалпы шараларға – науқас баланы дер кезінде оңашалау; қарым-қатынастағыларды бақылауға алу, 35 күнге карантин тағайындау, қанын биохимиялық тексеріске алу; ауру ошағында дезинфекция жасау; донорлардың қанын мұқият тексеретін өткізу; медициналық құрал-жабдықтарды талапқа сай залалсыздандарап барып қолданып; санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру жатады.
Арнайы шарасы иммунизация жүргізу болып табылады. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 қаңтардағы «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы № 8 қаулысы және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысына (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 12.02.2013 ж.) енгізілген өзгерістерге сәйкес, ол үшін арнайы дайындалған ВГВ вакцинасы қолданылады. Вакцина сүзіліп, тазартылған дайын антигендерден немесе қанында HbsAg-ның титрі жоғары адамдардың плазмасынан дайындалады. Вакинация 3 екпеден тұрады. Жаңа туылған балаларға ВГВ егу тәртібі – 0; 2; 4. Яғни, 1 – вакинация перзентханада, туылғаннан кейінгі алғашқы 24 сағаттың ішінде, 2 – рет 2 айлығында, 3 – рет 4 айлығында жасалады. Балаға перзентханада егілмеген жағдайда вакинация тәртібі 0; 1; 6. 0 – бірінші екпе мерзімі, 1 – 1 ай өткесін екінші екпе, 6 – тағы 6 ай өткесін үшінші екпе жасау мерзімін білдіреді.
Егу техникасы – кішкентайларға вакцина санының латеральды бетіне, жоғары бөлігіне бұлшық етке, ал ересек балаларға қолдың дельта тәрізді бұлшық етіне 0,5 мл дозада арнайы шприц, инелермен жасалады.
Вакцинаны басқа екпелермен бір күнде жасауға болады. Бірақ бөлек шприц пен ине арқылы және егу орны бөлек болуы керек.
Вакцинаны сақтау температурасы +8° аспауы керек, одан жоғары температурада және қатырған кезде қасиетін жоғалтады.
Жұқпалы ауруларымен ауырған бала мен қарым-қатынастағыларға жүргізілетін шаралар
Достарыңызбен бөлісу: |