Иммунопрофилактика
Балаларға белсенді иммунизация жүргізу. Жоспарлы иммунопрофилактика. Вакцинациялар. Белсенді иммунизацияның негізгі мақсаты бала ағзасында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы жасанды /вакцинациядан кейін қалыптасқан/ иммунитет қалыптастыру. Яғни, енгізілген вакцинаға ағза тарапынан жауап ретінде белгілі бір ауру қоздырғышына қарсы арнайы иммунитет қалыптасады. Бала елдің – болашағы. Дені сау бала - негізгі байлығы, сенімді болашағы. Сондықтан да, балалар арасындағы аурушаңдықты азайту, өлім – жітімді болдырмау өркениетті заманда үкіметтің негізгі стратегияларының бірі. Осы мақсатта, соңғы 50-60 жыл бойы сапалы иммунизацияға қаржы үнемделген емес. Қазіргі таңда, толық иммундалған балалар туберкулезден, қызылшадан, полиомиелиттен, дифтериядан, коклюштен, столбняктан, гепатиттен, қызамықтан, пневмониядан, жұқпалы паротиттен қорғалған.
Иммунизация жүргізудің негізгі міндеті төмендегі аурулардың алдын алу және жұқпалы аурулардан қауіпсіз қоғамды қалыптастыру.
Балалардың жұқпалы ауруларына қызылша, қызамық, желшешек, күл, көкжөтел, мысқыл, паракоклюш, дифтерия, полиомиелит жатады.
Балалардың жұқпалы ауруларының ерекшеліктері: тез жұққыштығы, аурудың сатылап өтуі, аурудан соң тұрақты иммунитет қалыптасу.
Иммунитеттің 2 түрін анықтайды. Пассивті және актиаті. Пассивті иммунитет балада анасынан плацента арқылы өткен антиденелер нәтижесінде пайда болады. Сондықтан да бала туылғаннан кейін бірінші айларында жұқпалы аурулармен көбінесе ауырмайды. Пассивті иммунитет табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Пассивті табиғи иммунитет анасынан өткен антиденелерден кейін, ал пассивті жасанды иммунитет иммуноглобулиндер егуден кейін пайда болады. Активті иммунитетте осындай 2 топқа бөлінеді. Активті табиғи иммунитет жұқпалы аурулармен ауырғаннан кейін, ал активті жасанды иммунитет вакциналар екеннен кейін түзеледі.
Екпе дәрежесін бағалау. Баланың екпе статусы туралы құжаттарын тексеріңіз (баланың жеке бақылау картасы, 112 немесе 63 форма), оның жасына сәйкес екпелерінің бар-жоғын анықтаңыз. Жасалмаған барлық екпелерін белгілеп, анасына оларды қайда және қалай жасауға болатынын түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық алдын алу екпе күнтізбесі көрсетілген
Достарыңызбен бөлісу: |