Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Баланың нормадағы қан көрсеткіштері



бет14/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Баланың нормадағы қан көрсеткіштері

Көрсеткіш

Жаңа туылған
Бала

Емшек жасындағы бала

1 жастан
асқан бала

Эритроциттер

4,5 – 7,5 х 10 12

3,5 – 4,0 х 10 12

3-5 х 1012

Гемоглобин

170-247 г/л

110-119 г/л

126-4-156 г/л

ЭТЖ

2-3 мм/сағ.

3-5 мм/сағ.

4-10 мм/с

Лейкоциттер

10-30х10 9/л

10-11 х10 9

6-8 х10 9/л

Нейтрофильдер

60-70 %

15-40 %

60 %

Лимфоциттер

20-30 %

55-75 %

35 %

Тромбоциттер

200-250 х 10 9

200-300 х 10 9

200-300 х 10

Лейкоциттер құрамының өзгеруі: бала туылған кезде нейтрофилез 60% болса, 5-6-шы күндері 1-ші қиылыс өтіп, одан әрі 5-6 жасқа күндері 1-ші қиылыс өтіп, одан әрі 5-6 жасқа дейін лимфоциттер басым болады, 5-6 жасында 2-ші рет қиылысу өтіп, ересек балаларда қайтадан нейтрофильдер саны басым болуы нормадағы жағдай.
Тромбоциттер, эозинофилдер саны бала жасымен байланысты көп өгермейді.
Қан ұюы және ұюына қарсы бағатталған жүйелер туралы түсінік. Қанның ұдайы сұйық күйде болуын осы екі жүйелердің - ұюы және ұюына қарсы жүйенің тепе- теңдігінің сақталуы қамтамасыз етеді. Бұл процестер ағзаның қорғаныш әрекетіне жатады, жарақат алғанда көп қан кетуден, қанның тамырлардың ішінде ұйып қалуынан сақтайды. Қан ұюына 3 жүйе қатысады:
1- қан тамырлары жүйесі – майда қан тамырлар қабырғаларының қанды жоғалтпай өз арнасында ұсай алу қабылетінің қамтамасыз етілуі. /қантамырлар қабырғасынан қанның өтіп кетпеуі/
2 – плазма жүйесі – қанның плазмасында қан ұюына қатысатын 13 қан ұю факторларының түгел болуы /І-ХІІІ факторлардың болуы/.
3 – тромбоциттер жүйесі- тромбоциттерттер санының, сапасының қалыпты көрсеткіш беруі.
Ас қорыту ағзаларының АФЕ. Жаңа туған баланың ас қорыту жолдары едәуір жетілмеген, тек қана омырау сүтін қорыта алады.
Емшек жасындағы баланың ауыз қуысы кішкене, тілі ауыз қуысының көлемінен үлкен, ауыз қуысын толтырып тұрады. Шайнау және ерін бұлшық еттері жақсы дамыған. Қызыл иекте қатты болып келетін және бөлектенген майлы жастықшалар, Биша төмпешіктері бар. Бұл ерекшеліктер баланың емуіне (соруына) икемдеуде маңызы зор. Ему актісі 3 сатыдан тұрады: сору (аспирация), емшекті қысу, сорған сүтті жұту. 1- айларында ауыз қуысының безедері кілегейді аз бөлгендіктен құрғақтау болады. Ал, 4-6 айға қарай сілекей бөлуі көбейіп, баланың ауызынан ағып тұрады (физиологиялық саливация). Өңеш ерте жастағы балаларда салыстырмалы ұзын, кардиальды сфинктер әлсіз жетілген. Асқазан мөлшері салыстырмалы кішкентай. Жаңа туған балада 30-35 мл, 3 айда -100 мл, 1 жасқа дейін -200-250 мл-дей. Емшек жасындағы баланың ас қазан бұлшық еті жеткіліксіз дамыған. Кардиальды сфинктер толық жабылмағандықтан, бала құсуға бейім болып келдеді. 8 жасқа қарай сфинктер жақсы жетіледі. 6 айға дейінгі баланың асқазан сөлінің қышқылдығы мен ферменттердің белсенділігі төмен. Бауырдың мөшері үлкен болғанмен, функциональдық жағынана жетілмеген болады. Барьерлік функциясының жеткіліксіздігі, бала ауырған кезде токсикоздардың жиі дамуына әкеледі. Өттің мөлшерінің аздығы майды қорытуы төмен. Ұйқы безінің сыртқы серкреторлық функциясы жетілмеген, ол өз деңгейіне 5 жасында жетеді. Балада ішек салыстырмалы ұзын. Ішектерде қуыстық ас қорыту болмайды, себебі ана сүті ондай қорытуды қажет етпейді. Ішек шажырқайының ұзын болуы ішек инвагинациясына бейім болады. Ал шарбы майдың қысқалығы перитонит кезінде қабыну процессін шектей алмайды. Алғаш емізгенге дейін нәрестенің ас қорыту жолдары стерильді болып келеді. Әрі қарай біртіндеп, ауыз қуысынан бастап микрофлора пайда бола бастайды. Тоқ ішектігі микрофлора тамақтану түріне байланысты, табиғи тамақтанғанада бифидифлора, ал жасанды тамақтануда ацидофильді таяқшалар, энтерококктар басым болады. Ішектің қалыпты микрофлорасының 3 негізі функиясы бар: иммунологиялық барьер, тамақ қалдықтарын толық қорыту, витамин мен ферменттер синтездеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет