Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Ерте жастағы баланың аурулары



бет29/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Ерте жастағы баланың аурулары.
Тамақтанудың созылмалы бұзылуы.
Дистрофиялар туралы түсінік. Дистрофияның түрлері. Ақуызды- энергетикалық тапшылық. Этиологиясы, клиникасы, емдеу, күтім жасау, алдын алу. Бала ағзасына жүктілік кезіндегі және босанудан кейінгі патологиялардың тигізетін әсері. Перинатальды және постнатальды дистрофиялар. Квашиоркор. Маразм. Паратрофия.
Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың созылмалы бұзылыстары. Дистрофия. Гипотрофия (БАБЖ бағдарламасы бойынша). Паратрофия
Дистрофия – баланың дұрыс және гормониялық дамуын бұзатын, ұлпаның трофикасы мен тамақатануының созылмалы бұзылысы. Дистрофияның жиі кездесетін түрлері: гипотрофия және паратрофия. Гипотрофия- тамақатанудың созылмалы бұзылысы, салмағының ұзындығына қатысты қалыс қалуымен байқалады. Сонымен қатар, физикалық және нервтік-психикалық дамуының тежелуімен және иммунитеттің төмендеуі болады. Этиология: туа болған және жүре болған гипотрофия болып бөлінеді. Туа болған гипотрофия ұрыққа жағымсыз факторлардың әсерінен туады. Жүре болған гипотрофия себептері экзогенді және эндогенді болады: Экзогенді: 1.Алиментарлық факторлар, тамақтанудағы кемшіліктер, сыңаржақ тамақтандыру, қосымша тамақтарды мезгілінде енгізбеу, тамақ құрамы сапасының бұзылуы. 2.Инфекциялық факторлар. 3.Сәбиді күтудегі кемшіліктер, гигиеналық ережелердің бұзылуы, ауада жекіліксіз болу, т.б. 4. Улы заттардың әсері (дәрімен улануы, гипервитаминоздар) Эндогенді себептеріне туа болған ақаулар: жырық ерін мен таңдай, өңештің атрезиясы, пилоростеноз, ішек стенозы, жүрек ақауы, тұқым қуалаушылық, эндокринді, иммунодефицитті аурулара, ОНЖ зақымдану жатады.

  1. Клиникасы: Арықтау дәрежесіне қарай гипотрофияны 3 дәрежеге бөледі: 1-ші дәрежелі гипотрофияда – баланың жағдайы қанағатанарлық, тәбеті төмендеген, мазасыз, терісі бозарған, тургор төмендеген, шел майының қабаты тек ішінде жұқарады, дене салмағының өсуі 10-20% қалыс қалады, бойының өсуі қалыпты болады. 2-ші дәрежелі гипотрофияда – баланың арықтауы айқынырақ көрінеді, денесіндегі, қол аяқтарындағы шел майының қабаты жұқарады, дене салмағы 21%-30% дейінгі қалыс қалады, бойы да, қозғалыс функцияларының дамуы тежеледі . Баланың көңіл күйі болмай, нашар ұйықтайды. Иммунитетінің төмендеуі баяу, ұзақ өтетін жұқпалы және іріңді аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Тәбеті нашарлайды, кейде емізгенде құсып, іші өтеді. 3-ші дәрежелі гипотрофияда –организм мүшелері мен жүйелері қызметінің қатты бұзылуы салдарынан тамақтану бұзылуының ең ауыр формасы. Жалпы жағдайы айтарлықтай бұзылады, шел майы болмайды. Қатты арықтаудың салдарынан баланың бет әлпеті қатпарланып, тургор мен эластикалығы төмендейді, дене салмағы 30% аса кемиді, өсуі тежеледіі. Тәбеті мүлде нашарлайды. Диспенсиялық құбылыстар тез пайда болып, құсады немесе тұншығады. Үлкен еңбегі түсіп кетеді, ауыз қуысының шырышты қабығы, көздің дәнекер қабығы мен мөлдір қабығы құрғап, зәрі мен нәжісі азаяды. Иммунитетті өте төмендейді, қабыну аурулары латентті өтеді, асқынуларға бейім болады. Туа болған гипотрофия кезінде бала төменгі салмақпен туады, ОНЖ функциясының бұзылуы байқалады. Олардың пайда болуында нәресте құрсақ ішінде болған кездің өзінде-ақ ықпал еткен қолайсыз факторлар: жүктілік кезіндегі токсиздар, анасының жүктілік кезінде әртүрлі аурулармен ауруы, жүкті әйелдің дұрыс тамақтанбауы. Емдеу: 1. диетотерапия.

  2. ферменттер мен поливитаминдер

  3. анаболиктік стероидттар

  4. созылмалы инфекция ошақтарын санациялау

Күтім: баланы жұқпалы аурулар мен артық тітіркендіргіштерден қорғау (дыбыс, жарық, манипуляциялар). Температуралық режимді (бөлме температурасы 24-27 С, ылғалдығы -60-70%.) . Гигиеналық ванна +38 С, емдік ванналармен кезектестеріп. Алдын-алу: күн тәртібін сақтау. Рациональды тамақтану. Гипогалактиканы ерте анықтап, үстеме тамақты дер кезінде енгізу. Тамақтану түріне байланысты жасына сай, қосымша тамақтарды енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет