Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет25/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Диагностика. Жаңа туған нәрестеге сепсис диагнозы клиникалық көріністердің, лабораториялық және бактериологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойылады. Бактериологиялық зерттеулер кезінде патогендік стафилококк терідегі, кіндік жарасындағы, жұтқыншақтағы, мұрындағы іріңдерден, кейбір балаларда қаннан, зәрден алынып егіледі. Бірақ зерттеудің теріс нәтиже көрсетуі аурудың клиникалық көрінісі болған жағдайда сепсис диагнозын теріске шығармайды.
ЖҚА- гемоглобиннің, тромбоциттің, лифациттің төмендеуі, лейкоцитоз немесе лейкопения болады.
Емдеу: Емдеу мақсаты – қоздырғышқа ықпал ету, баланың қорғану күшін арттыру, зат алмасудың бұзылуын реттеу, бастапқы және жайылған іріңді ошақтарды емдеуге бағытталған. Нәрестені анасының омырауымен емізуді және эффективті күтіммене қамтамасыз ету керек.
Антибактериалды ем ұзақ, 2-3 антибиотиктерді комбинациялаумен жүргізіледі (аминогликозидттер, макролиттер, пеницилин қатары, цефалоспориндер) т.б.
Дезинтоксикациялық ем, иммуномодуляторлар, антистафилакоккты гамма-глобулин, ДВС-синдром терапиясы (гепарин, СЗП, реополиглюкин, трентал, контикал), дизбактериоз емі (эубиотиктер, пробиотиктер), симптоматикалық терапия, физиотерапия, массаж, витаминотерапия.
Алдын-алу. Антенаталдық кезеңде алдын алу алғашқы жүкті болған мерзімде басталуға тиіс. Әйелдер консультациясында әйелдер қынабының жұқпалы аурулары мен патогендік микрофлорасын анықтап, кейіннен емдеу үшін тексеріледі. Ананың бойында иммунитеті арттыру мақсатымен әйелдер стафилококктық анатоксинмен иммундандырылады, ол 1-ші рет жүктіліктің 35 аптасында,2 ші рет 38-39 аптасында, 3 ші рет перзентханадан шығарылған кезде енгізіледі.
Перинаталдық кезеңде ана мен балаға гигиеналық күтім жасалуы керек. Жұқпалы ауру нышандары бар әйелдер жеке палаталарға жатқызылып, балалары қатаң бақылауда болады. Қызмет көрсетуші адамдар арасындағы патогендік стафилококк таратушылар қауіпті болады. Сондықтан оларды анықтап, емдеу маңызды.
Үйдің ішін дезинфекциялайтын заттарды ( хлорамин ертіндісі) қолданып, үнемі тазартып отыру, бактерицидтің лампаны пайдалану, төсек –орнын дезинфекциялық камерада өңдеу, ауаны залалсыздандыру перзентханаларда микробтардың ұрық шашуына қарсы күресуге мүмкіндің береді.
Перзентханадан шыққаннан кейін баланы жұқпалы аурулармен жұғыстырудан сақтап, мұқият гигиеналық күтім жасау мен емізуді қамтамасыз ету қажет. Жаңа туған нәрестелерге күтім жасаудың барлық кезеңдерінде алдын алу шараларын жүргізу іріңді сепсис ауруларының санын азайтуға мүмкіндің береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет