Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет33/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Конституция аномалиялары
Конституция аномалиялары (диатездер) – бұл белгілі бір патологиялық жағдайдың немесе аурудың дамуына бейімдейтін, бала организмінің қоршаған ортаның әдеттегі қоздырғышына адекватсыз реакциясы.
3негізгі диатез түрі бар: экссудативтті катаральды, лимфатико-гипопластикалық, нервтік-артриттік.
Экссудативтті-катаральды диатез (аллергиялық диатез)
ЭКД - ерте жастағы бала организмінің ерекше жағдайы, тері және кілегей қабықтарының рецидивті инфильтартивті-дескваматозды зақымдануымен, аллергиялық реакциялардың болуымен, қабыну процесінің ұзаққа созылуымен, лимфойдты тіндердің гиперплазиясымен, су-тұз балансының тұрақсыздығымен сипатталады. Этиологиясы: Аллергиялық диатездің себептері: тұқым қуалаушылық, асқазан-ішектік ферменттердің толық болмауы, иммунитеттің жетіспеуі. Көбіне 1-2 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Диатездің пайда болуына бейімдеуші фактор болып анасының жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауы (аллергенді тамақтар ішуі), дәрілерді берекетсіз қабылауы болуы мүмкін. Туғаннан кейін балаға аллергенді тамақтар беру, әсіресе сиыр сүті, сондай-ақ шоколад, тауық жұмыртқасының ақуызы, цитрустар, балықпен тамақтануы себеп болады. Клиникасы: негізгі клиникалық белгілері терінің және кілегей қабықтардың зақымдануымен сипатталады. Теріде гнейс, баздану, сүтті қабыршақ, экзема, строфулюс және қышыма баықалады. Емщек жасындағы балаларда ЭКД шашатарында, қасында майлы қабыршақтардың – гнестің пайда болуымен басталады. Ол ары қарай тері қабынуымен ұласады. Гнейспен қатар, гигиеналық күтімнің жақсы болуына қарамастан табиғи қыртыстарында базданулар болады. Баланың бетінің қызаруы, эпидермистің қалыңдап, қабыршақтануы – сүтті қабыршақтар байқалады. Ең ауыр зақымдану бұл -суланушы экзема. Бұл кезде теріде пайда болған уақ папула, кейін көпіршіктерге айналып, олар жарылып сарығыш сұйықтық бөлінеді. Кейін ол кеуіп экзематозды қабыршақтарға айналады. Баланың терісі қатты қышиды. Ылғалданушы экзема ұзаққа созылады. Жастан асқан балаларда терісінде строфулюстің, қышыманың және басқа формадағы бөрітпелердің шығуымен жүреді. Строфулюс – бұл ұсақ түйіншек тәрізді, ұшында серозы сұйығы бар бөрітпе. Қышыма – ұсақ, тығыз, көбіне аяқ-қолдарында болатын, қатты қышумен мазалайтын бөрітпелер.
Сонымен қатар, тері мен кілегей қабықтары тез жарақаттанғыш, қабыну тез пайда болып, ұзаққа созылады. Лимфойдты тіндер гиперплазиясы- периферилық лимфа түйіндердің ұлғаюы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет