Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Теміржетіспеушілік анемия



бет36/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Теміржетіспеушілік анемия
Темір жетіспеушілік анемия - организмде темір тапшылығынан болатын патологиялық жағдай. Темір тапшылығы оның организмге түсуінің бұзылуымен байланысты болады. Темір жетіспеушілік анемия қанның көлем бірлігіндегі гемоглобиннің төмендеуі, оның эритроциттегі консентрациясының азаюы, қан сарысуындағы темірдің мөлшерінің азаюымен және темір байланыстыру қабілетінің жоғарлауымен сипатталады.
Этиологиясы: себептері анте-, интер-, постнатальды болып бөлінеді.
- Антинатальды себептер: анасының жүктілік кезіндегі анемиясы, жүктілік кезіндегі гестоздар, көп ұрықты жүктілік, соматикалық аурулары;
- Интранатальды себептер: босану кезіндегі қан кетулер, бала жолдасы мен кіндік қан тамыраларының аномалиясы, кіндікті тым ерте немесе кеш байлау;
- Постнатальды себептер: дұрыс тамақтанбау, баланың қарқынды өсуі кезінде темірге деген сұраныстың артуы, ірі салмақ, ішекте темір сіңірілуінің бұзылуы, баланың ауруы, ішек құрттарының инвазиясы.
Клиникасы: клиникалық белгілері темір жетіспеудің дәрежесі мен сатысына байланысты. Латентті темір жетіспеушілігі
Эпителиялық белгілер: терінің, құлақ қалқанының, кілегей қабықтардың бозаруы, құрғауы, тырнақ пен шаштың дистрофиясы, карис, дәм, иіс сезуінің бұрмалануы, тілдің беті тегістелуі. Кілегей қабықтардың зақымдануы ринит, стоматит, карис, гастрит, дуадениттің жиі болуына әкеледі. Бала бор, топырақ, шикі макорондарды жеуге, бензин, лак, боялардың иісін искеуге әуес болады.
Астеновегативті бұзылыстар: көңіл-күйінің бұзылуы, жылауық, ашуланшақ, әлсіздік, енжарық, темір жетіспеуі ұзаққа созылғанда психомоторлық дамуының қалыс қалуы. Мектеп жасындағы балаларда бас ауруы, бас айналуы, есінен тануы байқалады. Иммунитеттінің төмендеуінен жедел респираторлық аурулармен ауырушаңдығы жоғарлайды. Әрі қарай жүрек-қан тамырлар жағынана тондардың тұнықталуы, систололық шу, гипотония, ентігу, тахикардия байқалады.
Лабороториялық диагностика: жалпы қан анализінде гемоглобин төмен, анизо- және пойкилоцитоз, кейде микроцитоз. Биохимиялық анализде сарысу темірінің төменндеуі, темір байланыстыру қабілетінің жоғарлауы, ферритиннің төмендеуі, гипо немесе дис протеинемия.
Емі: комплесті және себебін жоюға бағыталыған болуы керек. Рациональды тамақтану (белок, витамин, темір және басқа элементтер бар тамақтарды қабылдау). Сүт тағамдарын шектеу керек.
Медикаментозды ем темір препарататтарын, витамаиндар тағайындау болып табылады. Темір препараттары ауыз арқылы беріледі. Парентеральды тек көрсетпе бойынша. Темір препаратының валентті тұздарын (гемофер, фероград, ферронал, ферронат) берген дұрыс. Жасқа дейінгі балаларға темір препараттарын сұйық түрін берген жөн(гемофер, мальтофер, актиферрин). Жасөспірім кезінде әсері ұзартылған препараттар (тардиферон, ферроградумент) беріледі. Жақсы сіңуі үшін тамақ ішер алдында – сағат шырынмен ішкен пайдалы. Сүт, кофе, шаймен ішуге болмайды. Жағымсыз әсерін болғызбау үшін дозасының 1/2, ¼ бөлігінен бастап, біртіндеп көтере отыра 7-14 күнде толық дозаға жеткізу керек. Емдеу курсы ұзақ, гемоглобин мөлшері қалыпқа келген соң, қолдайтын дозада 2-3 айға жалғастырылады. Шала туған балаларды 3 жасқа дейін жүргізіледі. Парентеральды препаратттар ферум-лек, феррлецит)б/етке терң, 1-2 күн үзіліспен жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет