Диагностикасы: өршу кезінде қанда эозинофильдер жоғарлап, диспротеинемия байқалады.
Емі: кешенді жүргізіледі. Ең маңыздысы күн тәртібін дұрыс ұйымдастырып, таза ауада көбірек болу. Дұрыс тамақтану, ұзақ уақыт табиғи тамқатандыру, аллергенді тағамдарды шектеу. Сары, қызыл түсті жеміс-жидектер мен көк-өністерді беруді тоқтау. Егер жасанды тамақтанудағы бала болса, соя немесе бадам сүттерінен жасалған қоспаларды (Нутри-соя, Белакт-соя) берген дұрыс. Қандай тамақ түріне өршейтінін анықтау үшін «тамақ күнделегін» жүргізуге кеңес беріледі.
Медикаментозды емнен антигистаминді дәрілер (тавигил, кетотифен, супрастин, диазалин), ферменттік дәрілер, эубиотиктер (бифидумбактерин, лактобактерин), витаминдар (В тобы, Е, А).
Терісіне ванналар, шөп тұнбаларымен примочкалар (череда, ромашка), стероидты гормондармен маздар (адвантан, локоид) пайдаланылады.
Баланың тырнағын қысқа қиып, қолдарына қолғап кигізіп қояды.
Лимфатикалық-гипопластикалық диатез.
ЛДГ- лимфа түйіндерінің, айырша бездің генерализацияланған ұлғаюмен, иммунологиялық жеткіліксіздікмен, кейбір эндокриндік органдардың дисфункциясымен аллергиялық реакцияларға бейімділікпен сипатталатын конституция аномалиялары.
Этиологиясы: тұқым қуалаушылық фактор, ауыр гестоздар, анасының аурулары, жүктілік кезінде артық тамақтану, балалардағы ұзақ жұқпалы аурулар, дұрыс тамақтындырмау.
Клиникасы: 2- 7 жаста байқалады. Балада артық салмақ және дененің диспропорциясы болды. Кеудесі, мойыны салыстырмалықысқа, аяқ-қолы ұзын, кеуде клеткасытар. Тері қабаты бозарған, мрамор түсті. Бұлшық еті тонусы, тургор төмен. Балалар әлсіз, көп қозғалмайды, айналасына қызығушылық танытпайды, тез шаршайды, әдеттегі физикалық және психикалық жүктемеге шыдай алмайды. Ауырған кезде, диетаны бұзған кезде салмағын тез жоғалтады. Лимфоидты тіндердің генерализацияланған гиперплазиясы, барлық топтағы лимфа түйіндері, мұрын-жұтқыншақта аденоидтардың өсуімен сипаталады. Бауыр талағы ұлғаяды.
Емі: тамақтануды дұрыс ұйымдастыру (майлар мен көмірсулерды шектеу), витаминотерапия, кальций перпартаттары, эубиотиктер (лактобактерин, бифидобактиерин).
Достарыңызбен бөлісу: |