Алдын алу. Әдейленген және әдейленбеген, антинатальды және постанатальды болып бөлінеді.
Антенатальды әдейленбеген алдын алу–жүкті әйелдің режимін сақтау таза ауада күніне 2-4 сағат серуендеу, рационалды тамақтану (сүзбе, сыр, жеміс –жидек, ет балық, сүт тағамдары). Антенитальды әдейленген алдын алу витамин Д күніне 500 ХБ-тен жүктіліктің соңғы екі айында беріледі. 35 жастан асқан әйелдерге әдейленген алдын-алу жүргізілмейді.
Постнатальды әдейленбеген алдын алу – дұрыс күтім, анасының рациональды тамақтануы, баланы табиғи тамақтандыру, қосымша тамақты уақытында беру. Таза ауа, күн, массаж, гимнастика. Постнатальды әдейленген алдын алу - 3- 4 аптадан бастап, Д3 витамин 500ХБ – 1 тамшы күніне, күз, қыс , көктем айларында 1-2 жасқа дейін жүргізіледі. Жаз айларында жүргізілмейді.
Спазмофилия
Спазмофилия - организмнің минеральдық алмасудың бұзылуына байланысты ерекше жағдайы; баланың нерв-бұлшық еті қозуының артуымен, клонустық және тонустық құрысып-тырысуға бейімділікпен сипатталады. Этиология: 3 айдан 2 жасқа дейінгі рахитпен ауыратын және жасанды тамақтанудырудағы балаларда кездеседі. Ауру Д витаминін көп дозада қабылдағанда немесе ерте көктем айларында ультракүлгін сәуле әсерінен теріде Д витаминінің гиперпродукциясынан болады. Патогенез: витаминнің көп дозадағы белсенді формасы қалқанша маңы безінің функциясын тежеп, кальций мен фосфор тұздарын ішекте және бүйрек арқылы сіңіп, сүйектерде жиналады. Бұл кальций мен фосфордың қандағы мөлшерінің күрт азаюынан нерв-бұлшық ет қозу артып, құрысып-тырысулар болады. Клиникасы: Латенттік (жасырын) және айқын формалары болады. Латенттік формасына тән сиптомдар: Хвостек симптомы - шықшыт пен езудің аралығын сәл түрткенде мимикалық бұшық еттердің жиырлуы, Труссо сиптомы - қардың төменгі үштен бір бөлігін қысқанда қол басының құрысуы, Люст симптомы- кәр жіліктің басын соққанда аяқ басының құрысуы. Айқын формасы дауыс желбезектерінің спазмы, карпопедальды спазм және экламсиялық құрысып-тырысумен байқалады. Ларингоспазм кенеттен болып, дыбыс желбезектерінің жартылай немесе толық жабылуымен жүреді. Тынысы алуы қиндайды, дауы «Әтештің шақырғаны» сияқты болады. Бала көгеріп, біраз уақытқа тынысы тоқтап қалып, есін жоғалтады. Біраз уақыттан соң шулы тыныс алу болып, тыныс алуы біртіндеп қалыпқа келеді де, бала ұйыұқатп кетеді. Ауыр жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін. Карпопедальды спазм қол басы мен аяқ басының бұлшық еттерінің тоникалық құрысуы. Эклампсия ауыр түрі, есін жоғалтады. Барлық бұлшық еттердің клоникалық тоникалық құрысып-тұрысуымен сипаталады. Лабораториялық диагностикасы: қанда гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз. Емі: жалпы клоникалық тоникалық құрысып-тырысулар, апноэмен болатын ларингоспазмдар реанимациялық шараларды қажет етеді. Құрысып-тырысу ұстамасын жою үшін седуксен (диазепам), 10% кальций глюканат ертіндісін көк тамырға егеді. Ларингоспазм кезінде таза ауамен қамтамасыз етіп, салқын су бетіне шашып, тілдің түбірін шпательмен тітіркендіріп, қажет жағдайда жасанды тыныс алдыру жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |