Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Аурудың емі комплексті түрде арнайы орталықтарда жүргізіледі. Симптоматикалық ем. Болжамы қолайсыз. 9 тарау. Балалардағы жүрек аурулары



бет53/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Аурудың емі комплексті түрде арнайы орталықтарда жүргізіледі. Симптоматикалық ем. Болжамы қолайсыз.


9 тарау. Балалардағы жүрек аурулары.

Жүрек қан тамырлар жүйесінің ауруларына туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек аурулары, кардиомиопатиялар, ревматикалық емес кардиттер жатады. Жүректің туа пайда болған ақаулары бала туылғаннан кейін алғашқы күндері анықталады. Жүре пайда болған жүрек ақауларын барлық жаста анықтауға болады, бірақ мектеп жасында айқын білінеді. Жас нәрестенің жүрек ауруларының негізгі себебіне анасы тарапынан байқалатын патологиялар жатады: токсикоз, эндокринді бездердің аурулары, ұрық гипоксиясы. 3 жасқа дейінгі балалар арасында респираторлық инфекцияның жиі болуы және иммундық жүйенің төмендігі инфекциялық кардиттің пайда болуына жағдай жасайды.


Негізгі клиникалық белгілері.
Жиі кездесетін шағымы әлсіздік, тез шаршау. Бала ойынын тоқтатып арасында дем алады. Емшек жасындағы бала емшекті белсенді сормайды, тоқтап емеді.
Ентігу, терісінің боз болуы не көгіс тартуы, тәбетінің төмендеуі, арықтап және бойының өспей қалуы – қан айналым жетіспеушілігінің белгісі болып табылады. Жүрек өткізгіштігі мен ритмінің бұзылуында балада мазасыздық, мұздай тер, кейде құсу байқалады. Бала жүрек тұсының шаншып ауырына шағымданса бұл көбіне тамыр тонусының өзгеруіне байланысты.


9.1. тақырып. Ревматологиялық қызба.


Ревматизм — дәнекер тінінің, оның ішінде жүрек, қан тамырлар, буындарды және нерв жүйесін зақымдайтын инфекциялық-аллергиялық ауру. Дерттің ерекшедігі—оның қайталап отыруы (рецидивтер) және үдей түсетіндігі. Дер кезінде, тиімді жолмен емделмесе, ауру жүрек қақпақшаларын зақымдайды, миокардта дистрофия және склероз қалдырып, жүре пайда болған жүрек ақауларына әкеледі.
Этиологиясы: Ревматизмнің басталуы (бірінші басталуы болсын, кейінгі атака -рецидив болсын) А-тобының бета- гемолитикалық стрептококк инфекциясымен байланысты. Әдетте, ревматизмнен бұрын баспамен, жедел респираторлық аурулармен ауырады. Негізінен 7-15 жас аралығындағы балалар ауырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет