Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет63/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Клиникалык көрінісі. Дертті құбылысқа ағзалар мен жүйелердің әр қайсысы шалынуы мүмкін, сондықтан аурудың клиникалык белгілері де тым әрқилы. Тұрақты белгі — терлік синдром. Тері бұзылыстары көбінесе бет пен қолда (ЖС-ның акроск-леротикалық варианты), бірақ дараланған ошақты түрде тұла бойының басқа жерлерінде де бола береді. Склеродермия ошағының көлемі мен саны әр түрлі, өздері бұзылмаған тері бетінен анық байқалып, пішіні дөңгелек, сопақ не жалпақ келеді. Бұзылыс ошағындағы тері әуелгі кезде аздап ісіңкі, терісі қызыл түспен көмкеріледі, соңынан қатайып, піл түсіне ұқсас, тері өзгерісі ақыры атрофияға ұласады. Ошақты бұзылыстын «қылыш ізі түрі» типінде дертті құбылысқа тек тері ғана емес, оның астындағы шел кабаты, кейде сіңір, сүйек те қатысады. Аяқтағы тері бұзылыстары бүлшықеттер мен сүйек атрофиясы, контрактура, деформациялармен бірге байқалады.
ЖС-ның акросклеротикалық вариантында аурудың бет әлпеті өзгереді: бет терісі қатаюына, атрофиясына байланысты, бірте-бірте мимика қимылдары азаяды, мұрын ұшы үшкірленеді, ерні жұқарып, аузын ашу, тілін шығару қиындайды, қасы мен кірпіктері түсіп қалады. Қолдағы өзгерістер шынтақтың жартылай бүгіліп калуымен және склеродактилия дамуымен көрініс алады. Склеродермияның диффузды вариантында бұзылыска кеуде, арқа, іш, бұған қоса, аяқтерілері біржакты өзгеріске ұшырайды (гемисклеродермия). Кеуде мен аяк терілерінің тұтас бұзылысы, кейде тек симметриялы орналаскан ошақтар түрінде ғана болуы мүмкін. Дененің әр жерінде әр түрлі дәрежедегі өзгерістердің қатар жүруі де байқалады.
Лабораториялық көріністері ауруға тән ерекшек жоқ.
Емі: глюкокортикостероидтармен жүргізіледі.
Болжамы қолайсыз.

Дерматополимиозит
Дерматополимиозит (ДМ) немесе полимиозит бұлшықеттер мен терінің ауыр түрдегі жүйеіл қабыну - дегенеративтік дерті, сонымен қатар, нерв жүйесі мен висцералъдъщ агзалардың да бұзылыстарымен қосыла жүреді. Дертті терілік синдром болмай, тек бұлшықеттер синдромы болса, оған полимиозит диагнозы қойылады.
ДМ-тің екі түрін ажыратады: біріншілік - идиопатиялық жэне екіншілік — (қатерлі); соңғысы балаларда өте сирек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет