Диагноз лабораториялық тексеруден кейін нақты қойылады. Жедел лейкоздың диагностикалық критерилері:
1)Перифериялық қанда жетілмеген қан жасушалары,
2)анемия,
3)тромбоцитопения байқалады. Сондай ақ лейкоциттер санының көбеюі немесе азаюы мен ЭТЖ ның жоғарлауы болады. Гемотологиялық белгісінің бірі «лейкемиялық үзілу» («лейкемическое зияние») жас клеткалар мен жетілген клеткалар арасындағы өтпелі клеткалар болмауы тән.
Лейкозға диагноз қою үшін сүйек миына пункция жүргізіледі. Миелограммадағы лейкозға тән белгілері: эритропоэздың, тромбопоэздың төмендеуі және 90-95% бласты жасушалар пайда болуы. Созылмалы лейкоз балаларда сирек кездеседі, негізінде жедел лейкозбен ауырады.
Емі. Лейкоз науқастары арнаулы бағдарлама бойынша гематологиялық оралықта емделеді. Бағдарлама 24 айға созылады, бірнеше этаптан тұрады: ремиссияның алдын алу (1 хаттама), консолидация (хаттама М), ерте интенсификация (хаттама 2), краниальды сәуле қабылдау (ОЖО зақымдануының алдын алу) және сүйемелдеу терапиясы.
Химия терапиядағы комбинациясына 6 фармокологиялық топтың препараттары пайдаланылады 1).антиметобласты 2). ісікке қарсы антибиотиктер 3). алколойдты өмдіктер 4). ферментті перепараттар 5). алкилдеуші қосылыстар 6). гормондар.
Симптоматикалық ем – көктамырға сұйықтық, алопуринол (гиперурикемияның және бүйрек зақымдануының алдын алу үшін), витаминдер, антибиотиктер тағайындалады.
Қазіргі таңдағы лейкоздың нәтижелі емі - сүйек майының трансплантация жасау болып табылады. Трансплантация клиникалық және гематологиялық ремиссия кезінде жасалады.
Жедел лимфобласты лейкозда ем 95% пациентте ремиссияға қол жеткізеді, 5 жыл өмір 50-70 % науқасты қамтамасыз етеді.
12 тарау. Қан түзу жүйелерінің аурулары
12.1. тақырып. Гемофилия, тромбоцитопениялық қанталау, бөртпесі, геморрагиялық васкулит.
Қан аурулары барлық жастағы балалар арасында кездеседі. Қан аурулары қан түзілу процесінің бұзылысымен, қанның формалық элементтерінің қызметінің бұзылуымен, эритроцит ыдырауының жоғарылауымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |