Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Геморрагиялық васкулит ( Шенлейн-Генох ауруы)



бет69/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Геморрагиялық васкулит ( Шенлейн-Генох ауруы).
Геморрагиялық васкулит –қан ұю жүйесінің патологиялық зақымдалуына байланысты дамитын тері, буын, құрсақ қуысы және бүйректің капиляры, артереола, венула қан тамырларының жүйелі қабыну ауруы. Геморрагиялық васкулит дәнекер тінінің қабынуы, вазопатиялар тобы, оның құрамына аллергиялық тұқымқуалаушылық және гиповитаминоздар кіреді.
Этиологиясы. Аурудың себептері белгісіз. Бейімдеуші факторларға вирустық, бактериялық (стрептококк), профилактикалық егулер, дәрілік аллергия, паразитарлық инвазия, қоректенудің бұзылуы (құлпынай, грейп-фрут, құрма), гамма-глобулин қолдану, қатты салқын тигізу, соққы алу. Аурудың пайда болуының негізгі себебі тері және ішкі мүшелердің қан тамырларында микротромбоваскулиттің пайда болуы.
Клиникасы. Негізгі клиникалық симптомы теріде пайда болатын қан құюлар (жәй түрі). Терідегі бөртпелерден басқа буынның ауырсынуы және ісігі (тері-буын түрі), ішінің ауыруы (тері-абдоминальды түрі). Бөртпелер аяқтың симметриялық жерлерінде пайда болып, жамбаста, қолдың сыртқы бетінде, кеудеде, белде, бет бөлігінде көрінеді. Бөртпелер дақты-папулезды, диаметрі 2-5см. Аурудың бастапқы сатысында басқан кезде ағарады, кейіннен геморрагиялық бөрпелерге айналып, қанық қызыл түсті болады. Қатты және жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығында бөртпелер орналасады. Терідегі бөрпелер қайталануы мүмкін. Буындардың зақымдануы реактивті артритке ұқсайды. Тізе, шынтақ, тілексек буындары зақымданады. Геморрагиялық васкулиттегі артриттен кейін буында өзгеріс қалмайды, қабыну процесі тез қалпына келеді. Абдоминальды синдромда кіндік айналасының бүріп ауыруы, нәжісі қара түсті (мелена), құсу байқалады. Ем уақытында басталмаса ішек перфорациясы және перитонит дамуы мүмкін. Дене қызуы жоғары көтерілуі мүмкін. Бүйрек синдромы геморрагиялық васкулитте жиі кездесетін асқынулардың бірі, аурулардың 1/2-1/3 кездеседі. Гематурия синдромы аурудың алғашқы 2-4 аптасында кездеседі, бірақ бүйректің қызметі сақталады. Кейбір науқастарда өткір гломерулонефрит белгісі пайда болып, созылмалы нефритке айналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет