Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Өт қалтасы мен өт жолдарының қабынуы (Холецистохолангит)



бет77/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Өт қалтасы мен өт жолдарының қабынуы (Холецистохолангит)
Холецистохолангит өт жолдары мен өтқалтасының қабынуы. Ағымын абайланысты жедел және созылмалы холецистохолангит болып бөлінеді.
Этиологиясы мен патогенезі. Ауру себептеріөтекөп. Бактериальдыфлораның (ішектаяқшасы, кокки, протейлер), лямблий жәнегельминтоздардыңәсерінен ауру пайдаболуымүмкін. Аурудыңпайдаболуынабейімдеушіфакторлар: өттіңжиналыпқалуы, гиподинамия, диетаныңбұзылуы, созылмалы инфекция ошақтары, өтбөлужүйесініңаномалиясы.
Клиникасы. Жедел холецистохолангит оң қабырға астының, эпигастрий аймағының қатты ауыруымен сипатталады, ауырсыну оң иыққа, жауырынға және белге таралады. Ауырсыну кезінде лоқсу, өт аралас құсу білінеді. Тілі құрғақ, тіл арқасында ақшыл-сұрғылт түсті қабыршақ байқалады. Дене температурасы 38-400С көтеріліп, түршігу байқалады. Балалар мазасыз, төсекте тынышсыз. Интосикация белгілері айқын білінеді. Іші кебіңкі, пальпация арқылы эпигастрий және оң қабырға астында ауырсыну белгісі анықталады. Терісінің және кілегей қабатының сарғаюы тұрақты болмайды. Жалпы қан анализінде ЭТЖ жоғары, лейкоцитоз, нейтрофиллез, жалпы зәр анализінде уробиллин, кейде белок анықталады.
Созылмалы холецистохоланангит жиі кездеседі. Ауру ағымында өршу және ремиссия кездесіп отырады. Ауру ұстамасы физикалық күш түскеннен кейін, инфекциялық аурудан кейін, күйзелістен кейін, диета бұзылғаннан кейін байқалады. Ремиссия кезінде ауру белгілері айқын білінбейді.
Диспепсиялық белгілер (лоқсу, қыжылдау, іш кебу), метеоризм, кейде субектричность анықталады. Субфебрилитет байқалады. Пальпация арқылы оң қабырға астының ауырсынуын, бауыр 2-3 см үлкейген. Диагностикалық мақсатта лабораториялық және инструментельдық зерттеулер жүргізіледі. Эхограммада өт қалтасының қабырғасы қатайған және қалыңдаған. Дуоденальды сұйықтықты парзитологиялық, бактериологиялық, биохимиялық зерттейді.
Емі. Жедел холецистохолангитте төсек режимі тағайындалады, тағам берілмейді. Ішіне мұзды мұйық қойылады. Ауырсыну синдромын басу үшін спазмолитиктер (папаверин, метоклопрамид, но-шпа), ауыр түрінде прапедол, омнопон не пантопон тағайындалады. Кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады. Лямблиозда нитрофурандар (фуразолидон, фурадонин), метронедазол не трихопол беріледі. Өткір кезеңі басылғасын өт айдайтын препараттар және физиотерапия тағайындалады. Емдік физкультура және массаж кеңнен қолданылады. Холецистохолангитпен ауыратын науқастарда тас ауруы пайда болуы мүмкін.

Гельминтоздар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет