Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет65/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

11. тарау. Лейкоздар
11.1. тақырып. Жедел және созылмалы лейкоздар.

Л е й к о з - қан түзу жүйесінің қатерлі ісік ауруы. Патологиялық процесс алғаш сүйек майында локализацияланып, әрі қарай басқа ағзалараға метастаз беруімен сипатталады.


Балаларда басқа қатерлі ісіктерге қарағанда лейкоз жиі кездеседі.
Этиологиясы анықталмаған. Ісіктің пайда болуына тұқымуалаушылық бейімділік пен сыртқы орта факторлары әсер етеді:
- ионды сәулелер,
- онковирустар,
- химиялық факторлар.
Онкогенді факторлар антенатальды жолмен де берілуі мүмкін.
Алғаш патологиялық процесс сүйек майында пайда болып, әрі қарай басқа ағзаларға метастаз береді. Бауырда, талақта, лимфа түйіндерде, сүйек майында эмбрионалдық қан жасау ошақтары пайда болады. Лейкозға тән белгі сүйек майында бласты клеткалардың көбейуі болып табылады. Қандай бласты клеткалардың көп болуына байланысты:
Миелобласты;
Лимфобласты;
Монобласты;
Эритробласты;
Дифференцияланбаған бластар болуы мүмкін.
Балаларда миелоблсты және лимфобласты формалары жиі кездеседі. Көбіне 3-4 жаста ауырады.
Клиникасы.
Аурудың өтуін 5 кезеңге бөледі.

  1. Бастапқы

  2. Өршу

  3. Ремиссия

  4. Рецидив

  5. Терминальды


Бастапқы кезеңіне клиникалық сиптомдары өте аз және полиморфим тән. Жалпы интоксикация, тәбетінің төмендеуі, терісінің бозаруы, дене қызуының әлсін-әлсін жоғарлауы, басының ауруы, сүйектерінің және буындарының ауырсынуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Кейде басқа аурулар сияқты басталады: анемия, тромбоцитопатия, вазопатия, тұмау, сепсис сияқты. Ауру басталғаннан диагноз қоюға мүмкіндік беретін алғашқы қан анализіне дейін 4-6 апта, кейде оданда көп уақыт өтуі мүмкін.
Өршу кезеңінің негізгі сиптомокомплекстер: интоксикация, геморрагиялық (теріде қан құйылулар, мұрыннан, қызыл иектен, ішкі ағзалардан қан кетулер), анемиялық (терісі мен кілегей қабығының түсі бозарып) , сүйек тінінің зақымдануы, пролиферативтік синдром (бауыр, талағының, құрсақ ішілік, мойын, жақ асты, қолтық асты, шап лимфа түйіндердің ұлғаюы. Лимфа түйіндер тығыз, эластикалы, ауырсынусыз, айналасындағы тіндерге жабыспаған), байқалады. Сүйектердің патологиялық процестер буындарда, түтік сүйектерде, бастың сүйектерінің аурыснуымен білінеді. Балаларда жиі кездесетін екі формасының клиникалық көріністерінің өз ерекшеліктері бар. Жедел лимфобласты лейкозға пролиферативтік синдром және жүйке жүйесінің зақымдануы тән.
Жедел миелобласты лейкозға ауыр интоксикация, гепатомегалия, анемиялық, геморрагиялық синдром тән.
Ремиссия кезеңінің уақытылы жүргізілген дұрыс ем көптеген науқастарда клинико-лабораториялық ремиссия болады. Ремиссия толық немесе толық емес болуы мүмкін. Толық ремиссия- клиникалық белгілерінің болмауы, бласты клеткалар 15%-дан, лимфациттер 20% төмен, лейкоциттер 1,5х10/л көп болуы. Толық емес ремиссияклиниалық белегілер жоқ, бірақ миелограммада патологиялық өзгерістер қалады.
Рецидив кезеңінің сипаты клиникалық белгілер мен қандағы өзгерістің кері қайталануымен сипатталады.
Терминальдық кезеңің сипаты аурудың барлық сиптомдары айқын байқалады, ішкі ағзалардың бәрінде қайтымсыз процестер болып, ем нәтиже бермейді. Бала көбіне геморрагиялық синдромнан өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет