Асқынулары. Дифтерия ауруы асқынулармен қауіпті деп дәрістің басында айтылған еді. Асқынулардың пайда болуы токсиннің мөлшерімен, баланың жалпы фонымен және дифтерияға қарсы арнайы емнің дер кезінде басталу-басталмауымен байланысты. Дифтерияның қауіпті асқынулары: миокардит, жедел бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігі, полиневрит нефроз т.б.
Диагноз қою. Дифтерия ауруында диагноз қою үшін лабораториялық тексерістер үлкен роль атқарады: қанның жалпы тексерісі; зәрдің жалпы тексерісі; қанның биохимиялық тексерістері – АСТ, СРБ; ЭКГ тексеріс; бактериологиялық тексерістер. Бактериологиялық тексеріс шешуші тексеріс болып саналады. Тексеріске жағынды патологиялық өзгеріске ұшыраған жерден алынады. Егер қабыршақ бар болса, жағындыны зақымданған және сау тканьдердің шекарасынан алу керек. Алынған жағынды 3 сағаттан кешіктірілмей бактериологиялық лабораторияға жеткізілуі тиісті. Серологиялық тексеріс науқастың қандағы антиденелердің титрінің бірнеше рет артуына негізделеді. Дифтериялық крупты анықтауға ларингоскопия көмектеседі. Дифтерия диагнозын қою үшін, оны қарапайым баспалардан да ажырата білу керек.
Емі. Дифтерия диагнозын анықталған балаларға, коринобактериялар тасымалдаушы балалар және барлық күдікті жағдайлардың бәрі міндетті түрде ауруханаға жатқызылып емделеді. Дифтерияны емдеудің міндетті шарты – дифтерияға қарсы антитоксикалық сарысу егу болып табылады. Сарысу жылқының қанынан арнайы дайындалады, науқастың қанындағы тіндерге сіңе қоймаған токсиндерді залалсыздандырады. Сарысудың барлық дозасы көп кешіктірілмей, бірден салынуы керек. Ал егілетін сарысудың дозасы қабыршақтың орналасқан жеріне, аурудың түріне және ұзақтығына байланысты болады. Сарысуды егер алдында Безредко әдісімен белгі қойылып, тексеріледі. Алдымен жүз есе әлсіретілген сарысудың 0,1 мл тері ішіне енгізіп, байқалады, өзгеріс болмаса, сарысудың өзінен 0,1 мл тері астына, 30 минуттан кейін барлық қалған доза бұлшық етке егіледі.
Дифтерияға қарсы антитоксикалық сарысудың емдік дозалары
Клиникалық түрлері Мөлшері (МЕ) Егу әдісі
1. Шоғырланған 10000-20000 Бұлшық етке
2. Аралық 30000-50000 Бұлшық етке
3. Ацыр (токсикалық) 60000-100000 Бұлшық етке, көк тамырға
Антитоксикалық сарысумен қатар антибиотиктер тағайындалады. Алғашқыда бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіледі де, науқас жұта алса, ауыз арқылы таблетка түрінде тағайындалады, ұзақтығы 14 күн.
Антибиотик Балалар Ересектер
Бенилпенициллин 100000 ед/кг тәулігіне 2 рет 4000000 ед/тәулігіне 2 рет
Прокаинпенициллин 50000 ед/кг тәулігіне 1200000 ед/тәулігіне 1 рет
Эритромицин 40-50 мг/кг тәулігіне 4 рет 2 г/тәулігіне 1 рет
Ровамицин 150000 ме/кг тәулігіне 3 млн/Ме 2 рет
Дифтерияның барлық түрлерінде антигистаминді дәрілер – тавегил, димедрол, супрастин т.б. бала жасына сәйкес дозаларда тағайындалады. В тобының витаминдері мен аскорутин беріліп, жұтқыншақты дезинфекциялаушы ерітінділер қолданып шаю шүргізеді. Аурудың ауыр түрлерінде детоксикалық ем–көк тамырға сұйықтықтар құйылады. Аурудың ауыр түрлерінде, миокардитте – 1-2 аптаға қатаң төсек режимі; преднизолон 2 мг/кг/тәулігіне, курантил, рибоксин, панагин, кокарбоксилаза инсулин қосылған глюкозамен бірге көк тамырға; диуретиктер егіледі. Невриттермен асқынса – прозерин, дибазол, витаминдер В, С; вольтарен, индометацин, диуретиктер тағайындалады. Нағыз круппен асқынған жағдайда трахеостомия ғана бала өмірін сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |