Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Локальды есептеуіш желілер компоненттері



бет22/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)

5.1 Локальды есептеуіш желілер компоненттері
5.2 Желілік компоненттер
5.1 Локальды есептеуіш желілер компоненттері
Локальды желілер – бірнеше компьютерлерді кішкене территорияларда бір-бірімен байланыстыру болып табылады. Локальді желілер бір мекемеге арналған коммунакациялық жүйені ұсынады.
Алғашқы уақыттарда компьютерлерді бір-бірімен жалғастыру үшін стандартты емес программалық-аппараттық құрылғыларды пайдаланған. Әртүрлі құрылғыларда кездесетін байланыс сызықтарында берілген тәсілдерін, кабельдер типтерін және т.с.с. арнайы жасалынған компьютерлерде жалғаған, мысалға: мини-компьютерлер PDP-11 типті немесе «Наири», «Днепр» типтес компьютерлер. Осыдан кейін арнайы құрылғы «Кездесетін құрылғылар» («Устройство сопряжения») шығарылды.
80-жылдардың ортасында локальды желілер тарихында көптеген өзгерістер пайда болды. Ethernet, Arcnet, Token Bus кейінірек FDDI типтілер желіде компьютерді біріктіру үшін шығарылды. Бұл өнімдер бір бағыттағы желі орнату үшін таптырмайтын элемент болып табылды. Олар желілік программалық қамсыздандыру жұмысы үшін жеткілікті түрде жылдамырақ болды, бір жағынан, күрделі тапсырмаларды орындау үшін өздерінің есептелген қуаттылықтарын біріктіруді, сонымен қатар қымбат перифериялық құрылғылар мен дискілік массивтерді бөлуді қажетсінді. Сондықтан қолданбалы компьютерлер локальді желіні клиенттік компьютерлердің сапасы үшін ғана емес, сақтау орталығы мен берілгендерді өңдеу үшін қабылдап, желілік сервердегі мини-компьютерлер мен мэйнфреймдерді ығыстырды.
Барлық локальды желідегі стандартты технологиялар жетістіктермен байқалып, глобальды компьютерлік желіде берілгендер трафигін беру кезінде өз артықшылықтарын дәлелдеген коммутативті приципке сүйенді.
Стандартты желілік технологиялар локальді желілер құру процесін өнерден рутиінді жұмысқа айналдырды. Желіні құру үшін стандартқа сейкес желілік адаптерлерге ие болу жеткілікті болды, мысалға, Ethernet, стандартты кабелі адаптерлерді стандартты алмалы-салмалы кабельге байланыстырып, компьютерге әйгілі бір желілік операциялық жүйені орнатады, мысалы, Novell Net Ware. Бұдан кейін желі жұмыс істей бастады. Онда сол технологиядағы адаптерлер арқылы орнатылған компьютерді байланыстыруда ешқандай қиындықтар болмады.
Пайдаланушыларға локальды желіні өңдеушілер көптеген жаңалықтар енгізді. Сәйкесті желілік ресурстарды пайдалану анағұрлым ыңғайлы әрі оңай болды, глобальді желіге қарағанда локальді желіде қолданушы күрделі ресурстарды сақтаудан оңайырақ құтылады. Локальді желіде пайдаланушы жұмысын ұтымды ететін тағы да бір әдіс - өшірілген ресурс пен байланыстырудан кейін пайдаланушы локальды ресурстар жұмысы кезінде пайдаланылған дәл сол командалар көмегі арқылы бару мүмкіндігін алады.
90-жылдардың аяғында локальды желі технологиясының ішінен көшбасшыларын, Ethernet түрлері, оның ішінде Ethernet 10Мбит/с, Fast Ethernet 100 Мбит/с жәнеде Gigabit Ethernet 1000Мбит/с технологияларын таңдады. Қарапайым алгоритмдік жұмыстары Ethernet құрылғысының төменгі құнын алдын ала анықтады. Үлкен диапазонды иерархия жылдамдығы локальды желіні тиімді түрде құруға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет