4.2 Желі топологиялары
Желі топологиялары мыналарға әсер етеді:
Желілік құрылғының параметрлеріне және сипаттамаларына мыналар жатады:
тұрақтылығы,
құндылығы,
кешігуі,
жіберу қабілеттілігі.
Желінің кешігуі — бұл абоненттер арасындағы хаттаманы жіберу уақыты, яғни хаттаманы жіберуші абонент пен хаттаманы алушы абонент арасындағы уақыт болып табылады.
Жіберу қабілеттілігі — бұл желі арқылы бірлік уақытта абоненттік хаттамадағы биттер санын білдіреді.
Барынша көбірек қолданылатын және негізгі желінің топологияларын қарастырайық. Бұл топологиялардың сипаттамалары бірдей және жергілікті есептеуіш желісінде кеңінен қолданылады.
Өндірісте келесі базалық топологиялар қолданылады:
шиналық,
жұлдызша тәріздес,
сақиналық,
ағаш тәріздес,
Жергілікті есептеуіш желісін қарастырғанда негізінен үш негіздік топологияны ерекшелеуге болады:
шиналық (bus);
жұлдызша тәріздес (star);
сақиналық (ring).
Осылардың негізінде жергілікті есептеуіш желісі құрылады.
Шиналық топология — бұл топологияда станциялар шиналық магистральдық каналдар арқылы қосылады (сызықтық шина (linear bus)).
Берілген топология барынша қарапайым және жергілікті есептеуіш желісінде кеңінен таралған топологияларға жатады.
Шиналық топологиялық желіде барлық терминалдар қабылдағышты таратқыш (приемопередатчик) көмегімен бір кабельге қосылады. Мұндай кабельдер әдетте магистральдық деп аталады.
Канал электромагниттік толқындардың жұтылуына арналған екі жақты пассивті терминатормен байланысады. Терминаторлар кабельдік экран және ток тасушы сым бойынша қосылған резисторлар арқылы көрсетіледі. Терминаторлардың кедергілері кабельдің толқындық кедергілеріне тең болады. Кабельдердің барлық ұштары бір нәрсеге болса да жалғану қажет (мысалы, компьютерге, кабельдің ұзындығын үлкейту үшін баррел-коннекторге). Кабельдің кез-келген бос ұшы терминаторға жалғануы қажет.
Жұлдызша топологиясында әрбір станция бір түйінге келіп қосылады. Осындай топологияда басты түйін арқылы барлық желілік трафик өтеді.
5-сурет. Жұлдызша топологиясы
Бұл топология өте кең көлемде таралған желілік құрылым болып табылады. Ол 60-70 жылдары кеңінен қолданылған, бағдарламалық қамтамасыз етілуді басқару қиын болмағанымен трафиктің ағыны қарапайым болады. Барлық трафиктер орталық ЭЕМ-мен ұсынылған жұлдызшаның орталық түйінінен, ал қалғандары терминалдан шығады.
Қазіргі кезде желінің негізгі компоненттерінің бірі концентратор болып табылады. Ал желінің жұлдызша топологиясында ол орталық түйін қызметін атқарады.
Концентраттар активті (active) және пассивті (passive) болып бөлінеді.
Активті концентраттар. Активті концентраттар репитер секілді сигналдарды генерациялайды және жібереді. Компьютерлерді байланыстыру үшін 8-ден 12-ге дейінгі порттары болғандықтан, оларды көп портты репитер деп те атайды.
Пассивті концентраттар. Монтаждық үстелдер немесе коммутацияланатын блоктар арқылы берілген түрлері пассивті концентраттар деп аталады. Олар жәй ғана коммутациялық түйін секілді өзі арқылы сигналды жібереді, оны күшейтпейді және қалпына келтірмейді. Пассивті концентраттарды қоректену қайнарына қосудың қажеті жоқ.
Сақиналық топологияда станциялар бір-бірімен звенолар көмегімен байланысады.
Сақиналық топологиялы желіні өңдегенде әрбір станция сақинаға сақиналық интерфейс немесе сигналды қайталағыш деп аталатын активті интерфейс көмегімен қосылады.
Мұндай топологияға қосатын жер жоқ болғандықтан, терминаторлар қолданылмайды. Сақина топологиясы арқылы берілгендер қайталағыш регистрі арқылы өтеді және онда аз уақыт кідіреді.
Станция бірбағыттағы сақинаға қосылған бір қайталағышқа, болмаса екі әртүрлі бағытталған сақинаның екі қайталағышына қосылады.
Өңделудің қарапайымдылығынан бір сақиналы желі кеңінен қолданылады. Бір бағытқа бағытталған сақиналардың қайталағышы кабельдің секциясымен байланысады.
Артықшылығы:
барлық компьютерлер бір рұқсатқа ие;
тұтынушылар саны өнімділікке әсер етеді.
Кемшілігі:
Бір компьютердің істен шығуы бүкіл желінің жұмыс істемеуіне әкеліп соғады;
Сақиналық желілер өте сезімтал болады;
Жаңа тұтынушыны желіге қосу немесе желі конфигурациясын өзгерту барлық желінің жұмыс істемей, тоқтап қалуына әкеліп соқтырады.
Ағаш тәріздес (иерархиялық, вертикальді) топология. Бұл топологияда түйіндер жұлдызша топологиясына қарағанда басқа интелектуальды функцияларды орындайды.
Қазіргі таңда желілік иерархиялық топология кеңінен таралуда.
Желі өте қарапайым басқарылады және де бұл топология талдау қателерін және концентрациялық басқаруды қамтамасыз етеді.
Көптеген жағдайларда желіні иерархияның ең жоғарғы деңгейіндегі А станциясы басқарады және станциялар арасындағы трафикті тарату да осы А станциясы арқылы жүргізіледі. В станциясы арқылы C және D станцияларын бақылауға болады. Бұл орталық А станциясының жүктемесін азайтады.
Бұл иерархиялық топология өте қарапайым басқарылғанымен, қызметтері өте ауыр болып келеді.
"Желi топологиясы" немесе "топология" терминi компьютердiң, кабельдiң және тағы басқа желiлiк компонентердiң физикалық орналасуын бiлдiредi. Топология профессиналдардың желiнiң негiзгi схемасын суреттеуде қолданылатын стандартты термин. Желiнiң физикалық ықшамдалуын суреттеуде "топология" терминiнен басқа мыналар қолданылады:
1. Физикалық орналасу
2. Ықшамдау
3. Карта
4. Схема
Желi сипаттамасы онда орнатылған топология типiне байланысты. Қандай да болмасын таңдалған тополгия түрi мыналарға әсер етедi:
1. Қажеттi желiлiк құрылғылар түрiнен
2. Желiлiк құрылғылар мүмкiндiгiне
3. Желi кеңейтiндiсiнiң мүмкiндiгiне
4.Желiмен басқару әдiсiне
Бiрлеске түрде ресурстарды қолдану немесе басқа да желiлiк тасымалдарды орындау үшiн компьютерлер өзара байланыста болуы қажет. Осы мақсатпен көптеген желiлерде кабель қолданылады. Дегенмен басқа компьюьермен байланысып тұрған кабельге компьютерлердi жай ғана жалғай салу жеткiлiксiз.
Топология сонымен қатар компьютерлердiң әртүрлi түрлерiне әсер етудiң әдiстерi сәйкес келедi және осы әдiстер желiнiң жұмыс iстеуiне әсер етедi.
Барлық желiлер үш базалық топология негiзiнде құрылады. Олар:
1. шина (bus) 2. жұлдызша (star) 3. сақина (ring)
Егер компьютерлер бiр кабель бойымен жалғанған болса, топология шина деп аталады. Егер компьютерлер бiр нүктеден (концентратордан) шығатын кабель сегментiне жалғанса, топология жұлдызша деп аталады. Компьютерлер жалғанған кабель сақина тәрiздес тұйық болса, топология "сақина" деп аталады. Компьютерлер жалғанған кабель сақина тәрiздес тұйық болса, топология "сақина" деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |