Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет14/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)

Транспорттық деңгей программаға және қолданбалы және сенанстық деңгейге ақпаратты жіберудің қажетті дәрежедегі сенімділігін қамтамасыз етеді. OSI моделі бойынша транспорттық деңгей сервистің 5 класын ұсынады. Олар ұсынатын қызметтің сапалылығымен, жылдамдығымен, үзілген байланысты қалпына келтіре алуымен, түрлі протоколдар арасында ортақ транспорттық протокол арқылы мультиплекстеу құралдарын қолдануға болатындығымен және жоғалу және қайталану кезіндегі қателерді анықтау және жөндеуге мүмкіндік береді. Транспорттық деңгейде берілетін деректер сегменттерге бөлінеді және барлығы қайтадан жинақталады. Егер жоғарғы деңгей деректердің үлкен пакетін генеирлесе, ал Транспорттық деңгей пакеттерді кішкене сегменттерге бөледі және соңынан төмен деңгей түрінде қабылданады. Басқа жағдайда төмен деңгей Транспорттық деңгейге кішкене сегменттерді береді. Мұнда бұл сегменттер үлкен пакетке жинақталады, бірігеді.
Дегенмен Транспорттық деңгей сегменттеу мен деректерді жинақтаумен айналыссада, ол сегменттердің дұрыс берілуін, яғни әр деректер жиынының дұрыс қойылуын тексереді. Транспорттық деңгейде қателікті бақылау қызметі қамтылған. Егер пакет берілуде жоғалса, онда Транспорттық деңгей оны анықтап интервал арқылы береді. Транспорттық деңгейде сегменттерді деректерді беруді бақылау соммасы қосылады. Бақылау соммасы сегменттің деректі беруде бүліну фактасын айқындауда қолданылады. Егер сегмент бүлінсе, Транспорттық деңгей сәйкес сегментті қайтадан береді. Транспорттық деңгей мына функцияларға жауап береді:

  • Сегментте деректерді ұйымдастыру немесе үлкен сегменттерді әлде қайда кішкенеге бөлу.

  • Сегменттерді адрестеуге жеткізу.

  • Қателіктер бақылауын қамтамасыз ету.

Желілік деңгей мәліметтер жіберудің әр түрлі принциптерімен жұмыс істейтін бірнеше желілерді байланыстыратын ортақ транспорттық жүйені жсау қызметін орындайды. Бұл деңгейдің мәліметтері бумалар деп аталады. Желілер маршруттаушы деп аталатын арнайы құрылғылармен өзара байланысады. Маршруттаушы желі аралық байланыстың топологиясы жөнінде ақпаратты жинақтап, соның негізінде желілік деңгей пакеттерін бағытталған желіге жіберуді орындайтын құрылғыны атайды. Желілік деңгейде 2 түрлі протокол анықталады:
1. Желілік протоколдар пакеттердің желі бойынша тасымалдануын орындайды
2. Маршруттаушы протоколдар желі аралық байланыстар топологиясы бойынша ақпарат жинақтайды. Желілік деңгейде әр желі түйінінің бірегей адрестелуі қамтамасыз етіледі. Түйіннің бірегей адрестелуінің байланыс каналы деңгейінің адрестеуінен айырмашылығы біріншісінің бір локалді желілер байланысында қолданылуы. Бірақта, егер А желілік түйініне В желілік түйіні байланысуы қажет болса, онда бұл каналдық байланыс деңгейінің адресациясын қолдануда мүмкін емес. Әртүрлі желілер байланысында желілік деңгей адрестеуінің арнайы схемасы қолданылады және логикалық адрестеу деп аталады. Екі бөлек желідегі екі түйінді байланыстыруда осы желілік деңгейде қамтылған бұл түйіндердің логикалық адрестеулері қажет. Желілік деңгей барлық желінің мүмкін маршруттарына жетуін және түйіннің желіге жетуіне дұрыс жолды анықтауға жауап береді. Бұл процесс маршруттау деп аталады.
Желілік деңгей мына функцияларға жауап береді:

  • Желі түйінінің арнайы желілік адресімен қамтамасыз етеді.

  • Деректерді желімен беруі.

  • Желілік трафикті басқару.

  • Маршрутты талдау және таңдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет