Қайталауға арналған сұрақтар NORAD жүйесінің станциялары қашан және қай қалада жұмыс істей бастады?
NSFNet аралық желісі қай уақыттан бастап жұмыс істеді?
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Компьютерлік желілердің негізгі түрлерін атаңыз
Кабельдік тікелей жалғау деп нені түсінесіз?
ЛЕКЦИЯ № 2. ЖЕЛІЛЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ
2.1 Желілердің архитектурасы 2.2 Желілік архитектура түрлері
2.1 Желілердің архитектурасы Желідегі негізгі элементтердің құрамы оның архитектурасына тәуелді болады. Архитектура дегеніміз – желідегі жұмыс станцияларының өзара байланысын, құрылымын, байланыс функцияларын анықтайтын концепция. Ол желідегі техникалық және программалық жабдықтардың логикалық, функционалдық және физикалық ұйымдастырылуын реттейді. Архитектура желі элементтерінің аппараттық және программалық жабдықталуының құрылу мен орындалу принциптерін анықтайды.
Сонымен бірге, әрбір желі:
Бірсерверлі – желі бір файл-сервермен жұмыс істейді (ФС);
Көпсерверлі – желі бірнеше файл-серверлермен байланысады;
Таратылатын – ішкі және сыртқы көпірлермен байланысатын екі немесе бірнеше жергілікті желілер (бір кабельдік жүйеден екіншісіне берілгендер бумасын басқаратын желі арасындағы байланыс немесе көпір). Таратылатын желідегі тұтынушы барлық жергілікті желіні қосатын көшірмелерді - файлдар, басып шығарғыштар немесе дискілік драйверлерді қолдана алады;
Көпсерверлі жергілікті желі бірден көп файл-сервермен қызмет етеді;
Көпсерверлі таратылатын болып бөлінеді.
Желі архитектурасы желінің негізгі элементтерін анықтап, желінің ұйымдастырылуын, техникалық жабдықтарын, программалық жабдықтарын, кодталу әдістерін бейнелейді. Сонымен қатар архитектура тұтынушының қалыптасу принциптері мен интерфейсін анықтайды. Архитектураның мынадай үш түрі болады:
терминал – негізгі компьютер архитектурасы
бір рангілік архитектура
клиент-сервер архитектурасы.
Терминал – негізгі компьютер архитектурасы (terminal – host computer architecture) –мәліметтердің барлық өңдеулері бір немесе бірнеше негізгі компьютерлер арқылы жүргізілетін ақпараттық желі концепциясы (2-сурет).