Файлдарды жіберу хаттамасы (File Transfer Protocol - FTP) бір компьютерлік жүйеден екіншісіне файлдарды жіберу алгоритмі болып табылады. Электрондық поштаны жіберуші қарапайым хаттама. Бұл хаттама (SimpleMailTransferProtocol - SMTP) электрондық поштамен алмасу үшін қолданатын клиент/серверлік ТСР хаттамасына негізделген.
ARP хаттамасы TCP/IP –дің барлық орындалуларында қолданылатын негізгі хаттама болып саналады. Көбінесе оның қызметі қолданылған қосымшалар мен жүйелік администратордың қалауынан тәуелсіз.
RARP,көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдан конфигурациялауға тура келеді.
(Dynamic Host Configuration Protocol ) DHCP- бұл қолданбалы деңгейдiң желілік қызметі және хаттамасы.
Талшықты–оптикалық кабель жарықтық сигналдар таратылаын жіңішке шыны талшықтардан тұрады.
Коаксиальды кабель өткізгіштердің симметриялы емес жұбынан тұрады. Әрбір жұп ішкі мыс сымдардан және онымен негізделген сыртқы сымдардан тұрады, ал ішкі сымдардан коаксиальдық кабель диэлектрлік бөлгіш арқылы жекеленген мыс труба қойылуы мүмкін.
Поливинилхлорид – бұл пластик, ол көптеген коаксиальдық кабельде сыртқы қабықша немесе бөлгіш ретінде қолданылады .
Пленум –бұл әдетте вентиляция үшін қолданылатын бөлімнің бергі төбесі мен жоғарғы жағы арасындағы кішкене кеңістік.
Оралған жұп негізіндегі кабедьдерді симметриялық кабельдер деп атайды, себебі олар конструктивті жағынан бірдей екі сымнан тұрады.
Симметриялық кабель экрандалған виталық жұп негізіне –экрандалған, сонымен қатар экрандалмаған оралған жұп негізінде –экрандалмаған болуы мүмкін.
«Мода» түсінігі кабельдік ішкі ортасында жарық сәулелерінің таратылу режимін сипаттайды.
Цифрлық байланыс - бұл сандық деректерді қашықтыққа беруге байланысты технология саласы.
Аналогты (деңгей мен уақыт бойынша үздіксіз, мысалы, сөйлеу, сурет) сигналдарды беру үшін кеңінен қолданылады, олар осы мақсат үшін цифрландырылады (дискреттеледі).