Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет15/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Арна деңгейі желінің кез-келген түйінінің идентификациялық бірегей қамтамасыздандырылуы. Сондықтан мұнда желілік адрес қолданылады, яғни бұл мақсатта әр түйіннің әр желілік картасының аппараты кодталады. Бұл деңгей деректі берудегі қателікке жауап бергенімен, оны жөндеуге жауап бермейді.Арна деңгейі байланысы екі түрге бөлінеді:

  • Деректі беру ортасын рұқсатпен басқару: бұл ішкі деңгей желі түйіндерінің өзара бірігуіне көмектеседі және ол түйіннің физикалық адресі – Mac address туралы анықтама береді.

  • Логикалық бірігу арқылы басқару – LLC : бұл ішкі деңгей желінің екі түйінінің өзара қатынасын логикалық байланыс арқылы ұйымдастырады және басқарады. Желінің ішкі қателіктерімен ағымдарына бақылау жасайды.

Арна деңгейі деректерді берудің келесі аспектілеріне жауапты:

  • Желінің әр түйінінің бірегей идендификациясын қамтамасыздандыру.

  • Физикалық деңгейден кадрлар деп аталатын топтарға өрнектелетін деректер биттері.

  • Деректі беру жолында пайда болатын қателерді анықтау.

  • Деректер бумаларының ағымдарын – кадрлармен басқару.

Физикалық деңгей бойынша байланыстың физикалық каналдары бойымен ақпараттық беттер, яғни электр сигналдарының жіберілуі арқылы орындалады. Физикалық деңгейдің қызметі желіге қосылған барлық құрылғыларда орындалады. Физикалық деңгейді компьютерде желілік адаптер орындайды. Физикалық деңгей деректерді арна-байланыс құрылғылары бойынша беруге жауапты. Байланыс құралдары сигнал түріндегі деректерді берудің физикалық жолдары болып табылады. Физикалық деңгей деректерді беру кезінде оны бит жиынтығына өрнектейді және осы биттер жиынтығын байланыс арналарына орнатады, бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді. Ол ақпараттық мәнін тексермейді, тек (0,1) сигналдарын физикалық және электр сипаттарын анықтайды, желінің байланыс контактілерінің қызметін, деректерді синхрондау амалын, желілік адаптердің ақпаратты тасымалдау мүмкіндігін периодты түрде бақылайды. Сонымен қатар бұл деңгей физикалық құрылымның –желілік топологиясын орнатуына жауапты. Физикалық деңгей ақпарат тасымалдаушымен байланыста болса да тасымалдауыш түрі берілмейді, яғни анықталмайды. Физикалық деңгей компьютермен желі тасымалдауышпен байланыс жасайтын элементтерге жауапты:

  • Бірнеше нүктелі, екі нүктелі және желінің байланыс типтері.

  • Желінің физикалық топологиясы.

  • Аналогты және сан сигналдарды тасымалдау амалдары.

  • Жіберуші мен қабылдаушының ақпаратты жазу мен оқу кезінде биттерді синхронизациалау.

  • Бірнеше арналарды бір арнаға біріктіруі, яғни мультиплексия.

  • Кабельде сигнал шағылысып, сигналмен бумаларды бұрмалауға әкелетін жағдайларды болдырмауды, желі жолдарына түсетін тапсырмаларды үйлестіру.

Егер екі бірдей деңгей бір-бірімен байланысқысы келсе, Қосымша деңгейде қабылдаушы жағына дерек өрнектеледі. Бірақ екі Қосымша деңгей тіке байланыса алмайды. Нәтижесінде дерек Ұсынылатын деңгейге келеді, ал бұл деңгей дерекке өзінің жеке бөлігін қосады және әрі қарай дерек Сеанстық деңгейге беріледі. Сеанстық деңгей өзінің кезегінде жеке бөлік қосады және дерек әрі қарай Транспорттық деңгейге келеді. Осылайша әр деңгей өзінің кезегінде бөлік енгізіп, өзінен кейінгі деңгейге деректі беріп отырады. Бұл деректің битке конвертирленуі және Физикалық деңгейдің байланыс ортасына жетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет