OSI моделі байланыс салдарын бірнеше ішкі сауалдарға бөледі. Протоколдар сол ішкі сауалдарды шешеді. Белгілі деңгейде арнайы протоколдар істейді. Барлық ішкі сауалдарды шешкенде жалпы сауал шешіледі, оны орындауға мүмкіндік берген протоколдар жиынын протоколдар стегі деп атайды. Сонымен стек деп байланыс процессін вертикаль бойымен ұйымдастырылған протоколдар жиынын айтамыз.
OSI - моделі екі негізгі протоколдарды қарастырады: байланысты орнату арқылы істейтін протоколдар (connection oriented) және алдын ала байланыс орнатуды қажет етпейтін протоколдaр (connectionless). Біріншісі хабарлама жіберу алдында байланысты орнатқанын қажет етеді. Ол көбіне телефон арқылы жасалады. Екіншісі дейтаграмдық деп аталады да, пошта жәшігіне хат салғандай, хабарламаны байланыс жоқ болсада жібере береді. OSI моделінің деңгейлерінде істейтін протоколдар TCP/IP стегіне жиналған.
Желілер бір-бірімен бір ортақ технология арқылы байланысады. Әр түрлі технологиялар желі деңгейі арқылы түсінісе алады. Бір желідегі технология бойынша анықталған түйін адресі локальді деп аталады. Ал локальді internet-те тармақталған адрес желі деңгейіне шыққан дерек және басқа желілер арқылы таралуы үшін желі деңгейінің тақырыбын қосып алады. Тақырыппен бірге дерек бумасын құрайды. Желі деңгейінің тақырыбы арнайы форматты қолданады. Ол қабылдаушы желі адресін және қосымша қызметтік ақпараттан тұрады. Желі деңгейі маршрутты анықтап, буманы желі арасында тасымалдайды. Компьютерлер бір-бірімен байланыс жасай алу үшін оларда бірдей протокол стегі орналасуы қажет. Бір стектегі деңгей екінші стектегі сондай деңгеймен байланысады. Бірдей протокол стегін қолданған компьютерлер басқа операциялық жүйемен жұмыс істеседе бір-бірін түсінеді. Стек байланысы: бір компьютерден жіберілген ақпарат оның байланыс деңгейлерімен төмен түсіп екінші компьютердін байланыс деңгейлерімен жоғары көтеріледі. Стектің әрбір деңгейі (арна деңгейінен басқасы) ақпаратқа өзінің бас тақырыбын қосып төмен жібереді.