Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет24/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)

5.2 Желілік компоненттер
Компьютерлік желі негізгі үш аппараттық және екі программалық компоненттерден тұрады. Құрылғылардың корректілі жұмыс істеу үшін оларды дұрыс инсталляция жасап,жұмыс параметрлерін құру керек.
Негізгі желілік аппараттық компоненттерді атап өтейік.

  • Абоненттік жүйелер:

  1. компьютерлер (жұмыс станциялары немесе клиенттер,серверлер);

  2. принтерлер

  3. сканерлер және т.б.

  • Желілік құрылғылар:

  1. желілік адаптерлер

  2. концентраторлар (хабтар)

  3. көпірлер

  4. маршрутизаторлар және т.б.

  • Коммуникациялық арналар:

  1. кабельдер

  2. разъемдер

  3. сымсыз технологиялардағы енгізу,шығару құрылғылары

Негізгі программалық компоненттерді қарастырайық.. Желілік амалдық
жүйелер,олардың ішінде көп таралғандарына мыналар жатады:
Windows NT;
Windows for Workgroups;
LANtactic
NetWare
Unix
Linux және т.б.
Желілік программалық жабдықтар (желілік қызметтер):
Желі клиенті
Желілік карта
Протокол
Қашықтан қосылу қызметі.
Локальдық есептеуіш желілердің клиент-серверлік архитектурасына
кіретін компьютерлер екі типке бөлінеді. Біріншісі жұмыс станциялары немесе ?ЮЛЮ Лклиенттер тұтынушыларға арналған,екіншісі файлдық серверлер қарапайым тұтынушылар пайдалана алмайтын,желі ресурстарын басқару үшін қолданылады.
Файлдық серверде программалық жабдықтауды іске қосып,жұмыс станцияларымен байланысуға және файлдарды пайдалануға болады.
Жұмыс станциясы (WorkStation) – арнайы қызметтерді пайдалануға мүмкін беретін және желілік ресурстарды қолданатын абонеттік жүйе. Жұмыс станциясының желілік программалық жабдықтарының қызметтеріне мыналар жатады:

  • желінің клиенті

  • файлдар мен принтерлерді пайдалану қызметтері

  • желінің типіне сәйкес келетін желілік протоколдар

  • желілік тақша

  • қашықтан қосылу контроллері

Жұмыс станциясының автономды жұмыс істейтін дербес компьютерлерден айырмашылықтары мынадай:

  • желілік карта (желілік адаптер) және байланыс арналары

  • операциялық жүйені қосқанда,желілік операциялық жүйенің қосылғандығы жайлы қосымша хабарламалар экранға шығарылады

  • жұмыс басталар алдында желілік программалық жабдыққа пайдаланушының аты мен паролін көрсету қажет. Мұндай процедураны желіге ену деп атайды.

  • Локальдық есептеуіш желілерге қосылғаннан кейін қосымша желілік дискілік жинақтауыш пайда болады.

  • Жұмыс орнынан қашықта орналасқан желілік құрылғылады да пайдалану мүмкінідігі болады.

Дербес компьютерді желіге қосу үшін желілік адаптер, интерфейс, модуль немесе карта деп аталатын құрылғылар қажет. Ол аналық тақшадағы арнайы ұяшыққа енгізіледі. Желілік адаптер карталары әр жұмыс станцияларында және файлдық серверде орнатылады. Жұмыс станциясы желілік адаптер арқылы файлдық серверге сұраныс жасайды да, жауабын файлдық сервер дайын болғанда желілік адаптер арқылы алады.
Желілік адаптерлер жүйелік жабдықтармен бірге электр кернеуінің өзгеруіне байланысты, құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан болатын қателерді тауып, оларды өңдей алады.
Желілік адаптерлердің соңғы типтері Plug and Play технологиясы негізінде жұмыс істейді. Егер желілік картаны компьютерге орнатсақ, алғашқы жүктелуі кезінде жүйенің өзі-ақ адаптердің типін анықтап, оған қажетті драйверлерді сұратады.
Желілік адаптерлердің әр түрлі типтері тек қана байланыс арналары мен протоколдарымен ғана емес,мынадай параметрлерімен де ерекшеленеді:

  • Тасымалдау жылдамдығы

  • Бумалар үшін буферлердің көлемі

  • Шинасының типі

  • Шинаның тез жұмыс істеуі

  • Әртүрлі микропроцессорлармен үйлесімді жұмыс істеуі

  • Жадыға тікелей қосылу мүмкіндігі

  • Енгізу-шығару порттарын адрестеу мен үзілістерге сұраныс жасау

  • Разъемнің құрылымы

Сервер – желіні пайдаланушыны өз ресурстарын (дискілерді,принтерлерді,каталогтармен файлдарды т.б.) ұсынатын компьютер. Файлдық сервер жұмыс станцияларына қызмет көрсетеді.Қазіргі файлдық сервер режимінде Pentium процессорының негізінде жұмыс істейтін дербес компьютер қоолданылады,оның тактілік жиілігі 500 МГц және жоғары оперативтік есте сақтау құрылғысының көлемі 128 Мб немесе одан жоғары.Көпшілік жағдайда файлдық сервер осы функцияларды орындаса,кейде (кіші локальдық есептеуіш жүйелерде) файл-сервер жұмыс станциясы ретінде де қолданылады.Файлдық серверде желілік операциялық жүйе мен жүйелік программалық жабдықтарға желілік қызметтер мен протоколдар және серверді басқаратын жабдықтар кіреді.Файлдыө серверлер тұтынушылардың файлдық жүйе бөліктерін пайдалануын бақылай алады.Мұны басқару файлдыө жүйені (каталогты) жұмыс станциясына локальдық диск ретінде пайдалануға болатындай қосылуы мүмкін.
Сервердің функциялары күрделеніп, клиенттерінің саны артуына байланысты арнайы серверлер көптеп пайдаланыла бастады. Сервердің типтері әралуан:

  • Доменнің басқарушы негізігі сервері,мұнда тұтынушылар бюджетінің деректер қоры мен деректердің қауіпсіздік шаралары сақталады.

  • Доменнің басқарушы резервтік сервері, мұнда тұтынушылар бюджетінің деректер қоры мен қауіпсіздігі шараларының резервтік көшірмесі сақталады.

  • Жалпы пайдаланылатын сервер, яғни локальдық желідегі мәліметтерді өңдеудің қызметтері ұсынылады.

  • Мәліметтер қорының сервері, яғни мәліметтер қорына байланысты түскен сұраныстарды өңдеу үшін.

  • Proxy сервер,–локальдық желіні Internet желісіне қосады.

  • Web –сервер, Web-ақпараттық жұмыс істеуге арналған.

  • Файлдық сервер – ресурстарды, соның ішінде файлдарды, программалық жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Қосымшалар сервері, яғни қолданбалы процестерді орындау үшін пайдаланылады. Бір жағынан клиенттердің тапсырмаларын орындау арқылы олармен байланыс орнатса, екінші жағынан деректер қорынан өңдеуге қажетті мәліметтерді сұрыптайды.

  • Қашықтықтан қосылу сервері, яғни желідегі мәліметермен үйде отырып, немесе жолсапарға шыққан қызметкерлерге, мекеменің филиалдарына пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Телефондық сервер, яғни локальдық желіде телефония қызметтін ұйымдастырады. Бұл сервер дыбыстық почта қызметтерін орындайды, телефонмен сөйлесу бағасын есептейді,сыртқы телефондық желідегі интерфейс қызметін ұсынады. Телефониямен қатар сервер бейнелерді тасымалдау және факсимальдік байланыс хабарламаларын жеткізе алады.

  • Пошталық сервер, яғни электрондық пошта бойынша келген сұраныстарға жауаптар қайтарады.

  • Жеткізілу сервері, яғни тұтынушыларға коллективтік қолдануға мүмкіндік береді. Ол үшін коммуникация желілері арқылы қажетті серверге қосып, қажетті ресурсты алуға мүмкіндік береді. Терминалдық сервер, яғни терминалдар тобын біріктіріп, олардың орнын өзгертуі кезінде оңай қосылуға мүмкіндік береді.

  • Коммуникациялық сервер, яғни терминалдық сервер функцияларымен қатар мәліметтерді маршруттау қызметін орындайды.

  • Бейнесервер, бейнелердің өңделуін қамтамасыз етеді. Тұтынушыларды бейнематериалдармен, оқыту программаларымен, оқыту программаларымн,бейнеойындармен қамтамасыз етіп,электорндық маркетинг қызметтерін ұсынады. Бұл серверлер жоғары өнімділігімен және жадының көлемі үлкен болуымен ерекшеленеді.

  • Факс-сервер, яғни факсимальдік байланыс стандарты бойынша, факс бойынша хабарламаларды жөнелту және қабылдау қызметтерін орындайды.

Сервердің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында желілік операциялық жүйелер (Network Operating System-NOS) – программалар кешені арқылы мәліметтердің желіде сақталуын, өңделуін және тасымалдануын қамтамасыз ету шаралары жүргізіледі. Желіні ұйымдастыру үшін аппараттық жабдықтармен қатар, желілік операциялық жүйе қажет болады. Операциялық жүйе арқылы желі жұмыс істеуі үшін желіні инсталляциялау процедурасын желілік жабдықтар арқылы жүргізу қажет. Желілік операциялық жүйе жұмыс станциясы мен файлдық сервер арасында мәліметтер ағынын басқару үшін қажет. Ол қолданбалы платформа болғандықтан, желілік түрлі қызметтерді орындап, желідегі қолданбалы процесстерді ұйлестіреді. NOS клиент-сервер және бір рангілі архитектурада қолданылады. NOS желідегі негізгі функцияларды орындайтын протоколдар тобын анықтайды. Оның қызметтері:
– желі объектілерін адрестеу

  • желілік қызметтердің дұрыс жүргізілуі

  • мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • желіні басқару

Желі үшін клиент басқа компьютерлермен және серверлермен байланыса алады,сонымен қатар файлдар мен принтерлерді пайдаланады.
Желілік карта компьютердің желіге физикалық қосылуын реттейтін
құрылғы.Әр желілік карта өз драйверлерін, IRQ мәнін (үзілістің сұранысы) және енгізу-шығару адрестерін көрсете алады.
Протоколдар желідегі мәліметтер алмасу ережелерін үйлестіреді.
Қашықтан қосылу қызметі файлдар мен принтерлерді желідегі барлық компьютерлердің пайдалануына мүмкіндік береді. Қолданбалы програмаларды пайдаланудың көпшілік пайдалана алатын нұсқалары өнімділікті арттырады. Көптеген мәліметтерді басқару жүйелері бірнеше жұмыс станцияларының ортақ деректер қорымен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Көптеген қызметтік қолданбалы программалар көпшілік пайдалануға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет