Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет26/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Желінің физикалық құрылымы
Коммуникациялық құрылғының ең қарапайым түрі – қайталағыш – желінің жалпы ұзындығын арттыру мақсатында түрлі локальдық желі кабельдер сегменттерінің физикалық байланысын жасау үшін қолданылады. Қайталағыш желінің бір сегментіндегі сигналдарды басқа сегменттерге жеткізеді. Қайталағыш сигналдың берілу сапасын арттыру арқылы арналар ұзындығына қойылатын шектеулерді азайтуға мүмкіндік береді.
Бірнеше порттардан құралған және бірнеше физикалық сегменттерді байланыстыратын қайталағыштарды концентраторлар немесе хаб деп атайды. Концентраторлар локальдық желілердің барлық негіздік технологияларында пайдаланылады. Желіге концентраторды қосу желінің физикалық топологиясын өзгерткенімен , оның логикалық топологиясына әсер етпейді. Көпшілік жағдайда физикалық және логикалық топологиялар сәйкес келеді.
Концентратор көмегімен құрылған физикалық құрылым желі түйіндерінің ара қашықтығын арттыру үшін ғана емес,сонымен қатар оның сенімділігін жоғарылату үшін де пайдалы болады.
6.2 Желінің логикалық құрылымы
Көпшілік жағдайда, өлшемдері үлкен және орташа желілерде желінің логикалық құрылымынсыз жұмыс істеу мүмкін емес.
Физикалық құрылымның жолдарында шешілмейтін мәселе ретінде желінің түрлі физикалық сегменттерінің арасында жіберілетін трафиктің қайта бөлінуі саналады.Үлкен желілердегі ақпараттар ағыны, әрине, бірқалыпты болмайды. Типтік топологиялы желі үлкен желілерде ақпараттар ағыны көп түскенде құрылымды өзгертіп жіберуі мүмкін.
Желінің логикалық құрылымында көпірлер, коммутаторлар, маршрутизаторлар мен шлюздер деп аталатын коммуникациялық құрылғылар пайдаланылады.
Көпір желіні (логикалық сегмент деп аталатын) бөлінгіш орталарына жіктеп, мәліметтерді бір сегменттерден екіншісіне тек тасымалдау қажет болғанда ғана жібереді, яғни жіберілетін компьютер адресі басқа сегментте орналасқан болса ғана қажетті сегментке жібереді. Осылайша көпір желінің бір трафигін екіншісінен бөлектеу арқылы желідегі ақпарат алмасу өнімділігін арттырады.
Трафикті локальдау желідегі өткізгіштік қабілетін үнемдеп, мәліметтерді өзгелердің пайдалану мүмкіндігін азайтады,себебі кадрлар өз сегментінен шығып кете алмайтындықтан ,өзгелер оны пайдалана алмайды.
Көпір компьютердегі трафиктің аппараттық адресін локальдауда қолданылады. Бұл қандай да бір компьютердің нақты қай логикалық сегментке жататындығын анықтауды қиындатады. Сондықтан көпір сегментке бөлуді қарапайым түрде бөлуді ұйымдастырады- ол желідегі әр компьютерден берілгендер кадры қандай порт арқылы түскенін есте сақтайды да, кадрларды компьютердің сұранысы бойынша осы портқа кадрларды жеткізеді. Көпір логикалық сегменттердің нақты байланыс топологиясын білмеуі де мүмкін. Осындай себептерге байланысты көпірлерді пайдалану желі байланысының конфигурациясына шектеулер қоюға әсер етеді, яғни сегменттер желіде тұйықталған контур құрмайтындай етіп байланысуы керек.
Кадрларды өңдеу принципі бойынша коммутаторлардың көпірлерден еш айырмашылығы жоқ. көпір желінің бір трафигін екіншісінен бөлектеу арқылы желідегі ақпарат алмасу өнімділігін арттырады.
. Мультипроцессордың әрбір порты арнайы процессорлармен жабдықталған. Арнайы процессорлар кадрларды көпір алгоритмі бойынша процессордың басқа порттарынан тәуелсіз өңдей береді. Осы себептен коммутатордың өнімділігі бір ғана процесорлық блоктан тұратын көпір өнімділігіне қарағанда едәуір артық болып есептеледі. Байланыс топологияларында көпірлер мен коммутаторларды пайдалануда шектеулер қойылуы коммуникациялық тағы бір құрылғы –маршрутизаторды пайдалану қажеттігіне алып келді.
Маршрутизаторлар көпірлерге қарағанда желінің бөліктерінің трафиктерін бір-бірінен сенімдірек және тиімдірек оқшаулайды. Маршрутизаторлар логикалық сегменттерді нақты адрестеу арқылы құрайды, себебі маршрутизаторлар аппараттық жазық адрестер орнына құрама сандық адрестерді қолданады. Бұл адрестерде желі нөмірінің өрісі көрсетілетіндіктен, өрістерінің мәні бірдей компьютерлер бір сегментке жатады да ,ондай сегментті ішкі желі деп атайды. Маршрутизаторлар трафикті локальдаудан басқа да маңызды функцияларды орындайды. Маршрутизаторлар тұйық контурлы желілермен де жұмыс істей алады, сонымен қатар бірнеше маршруттардың ішінен ең тиімдісін де таңдай алады. Маршрутизатордың тағы бір маңызды функциясы ретінде әртүрлі желілік технологияларды пайдаланатын ішкі желілерді бір желіге біріктіре алу мүмкіндігін атауға болады.
Жоғарыда аталған құрылғылардан басқа желілердің кейбір бөліктерін шлюз біріктіре алады. Желіде шлюзді пайдалану әртүрлі типті жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтарды бір желіге біріктіру , яғни трафикті локальдау емес.
Бірақ кейбір жағдайларда трафикті локальдау қызметтерін де атқара алады.
Үлкен желілерді логикалық-құрылымсыз құрастыру практика жүзінде мүмкін емес. Бөлек сегменттер мен ішкі желілер үшін бірыңғай негіздік технологиялық топология қолданылатындықтан оларды біріктіру үшін трафикті локальдау құрылғылары –көпірлер,коммутатор,маршрутизаторлар мен шлюздер пайдаланылады .
Жүйе қондырғыларын өзара қосу үшін арнайы құрал-жабдықтар пайдаланылады:

  • Жүйелік кабельдер (сыртқы түрі түтік тәріздес оқшауланған екі коаксиальдық концентриялы өткізгіштер; айқасқан екі электр өткізгішінен құралған қос кабелдер және т.б).

  • Коннекторлар (біріктіргіштер) кабельдерді компьютерлерге қосатын коннекторлар; кабельдердің бөліктерін қосатын алмалы-салмалы ажыратқыштар.

  • Жүйелік интерфейсті адаптерлер мәліметтерді қабылдау мен жөнелтуге арналған. Мәлімметтер беру ортасына кіру белгілі бір протоколға сәйкестендіріле отырып жүзеге асырылады. Олар жүйеге қосылған компютерлердің жүйелік блоктардың қондырылады. Адаптерлердің алынып-салыныпажыратқыштарына жүйелі кабель қосылады.

  • Трансиверлер мәліметтерді кабель бойынша жіберу сапасының мөлшерін арттырады, жүйеден келіп түскен ескертпелер мен келіспеушілікті табу үшін жауап береді.

  • Хабтар (концентраторлар) коммутирлік хабтар (коммутаторлар) компьютерлік жүйелердің топологиялық, функционалдық және жылдамдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Әр типті хаб әр алуан кабельдер жүйесінің сегменттерін (учаскелерін) біріктіруге мүмкіндік береді. Хаб портына жеке торды да, сондай-ақ басқа хабты да немесе кабельдің сегментін (учаскесін) қосуға болады.

  • Қайталамалар (репитерлер) кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді күшейтеді.

Локальды жүйелерді біріктіре қосу үшін өзара жүктелген міндеттері мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін төмендегідей қондырғылар пайдаланады:
Көпір (Brіdge) — екі локальды жүйені байланыстырады. Жүйе араларындағы мәліметтерді өзгеріссіз пакет түрінде жіберіледі. Көпірлер барлық жүйелерді локальды мәліметтер легінен сақтай отырып пакеттерді фильтрден өткізе алады (сүзеді) және де тек басқа жүйе сегменттеріне арналған ақпараттарды жібереді.
Маршрутизатор (Router) жалпы протокол мен жүйелерді көпірге қарағанда тиімді біріктіреді. Ол, мысалы үлкен хабарламаларды өте ұсақ бөлшектерге бөлуге мүмкіндік туғызады да осынысы арқылы әр түрлі көлемдегі пакеттері бар локальды жүйелердің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Маршрутизатор пакеттерді белгілі мекен-жайға жібере алады, (көпірлер тек қажетсіз пакеттерді фильтрлейді (сүзеді) пакеттердің адресін табуына өте жақсы жол және басқа да әрекеттер таңдайды. Жүйелер күрделі, әрі көп болса, маршрутизаторды қолданудың пайдасы өте мол.
Көпірлік маршрутизатор (Brouter) — бұл көпір мен маршрутизатордың гибриді. Ол мүмкін болған жерде алдымен маршрутты орындауға талпынады, ал содан соң сәтсіз жағдай бола қалса көпір тәртібіне (режиміне) көшеді.
Шлюз (GateWay), Шлюздың көпірден өзгешелігі – біріктірілетін жүйелер протоколдарының әр түрлілігінде. Бір шалюзден түскен хабарлама екіншісіне сол жүйенің талаптарына сәйкестендіріліп өзгереді. Сөйтіп, шалюздер жүйелерді біріктіріп қана қоймай біріңғай жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Локальды жүйелер де шалюздің көмегімен универсалды (жан-жақты) қуаты күшті компьютерлерге – мэйнфреймдерге қосылады. Сымсыз жүйелер кабель өткізуге қиынға соғатын, пайдасыз немесе тіпті мүмкін болмаған жағдайдағы орындарда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет