7.2 IP адрес. Хаттамалар туралы. ТСР/ІР хаттамасы Коммуникациялық протоколдарды стандарттау есептеуіш желілердегі стандарттаудың негізгі бағыты болып табылады. Протоколдар дегеніміз- байланысты орнатудың ретін белгілейтін ережелер мен процедуралардың жиынтығы. Протоколдар-бірнеше компьютерлерді бір желіге біріктірудегі өзара байланыс жасауының техникалық процедуралары.
Протоколдар жөнінде мынадай негізгі үш ережені есте сақтау қажет:
1)Протоколдар түрлері өте көп. Олардың барлықтары да байланыс орнатуға қатысқанымен , әр протоколдың мақсаттары, орындайтын қызметтері әр түрлі болып, өз артықшылықтары мен шектеулері болады.
2)Протоколдар OSI моделінің әр түрлі модельдеріне жұмыс істейді. Протоколдың функциялары жұмыс істеп тұрған деңгейі бойынша анықталады.
3)Бірнеше протоколдар бірігіп жұмыс істеуі мүмкін. Бұл жағдайда олар стек деп аталатын протоколдар жиынын құрайды.
Техникалық көзқарас бойынша желі бойымен мәліметтерді тасымалдау үшін, оны тізбекті қадамдарға бөліп алу қажет. Қадамдардың әрқайсысына өз ережелері мен процедуралары немесе протокол сәйкес келеді. Нақты әрекеттерді орындайтын кезектері сақталуы керек. Сонымен қатар, әрбір қадам көрсетілген бір ғана тізбек бойынша әр желілік компьютерде орындалуы керек. Жіберуші – компьютерде бұл әрекеттер жоғарыдан төмен қарай,ал қабылдаушы компьютерде төменнен жоғарыға қарай орындалуы керек.Жіберуші – компьютер протоколға сәйкес мынадай әрекеттерді орындауы керек:
1)Мәліметтерді бумалар деп аталатын азғантай блоктарға бөліп қояды да, олармен протоколдар жұмыс істейтін болады.
2)Бумаларға адрестік пакеттер қосымша тіркеліп қойылады да , сол бойынша қабылдаушы – компьютер мәліметтердің қай компьютерге жеткізілу керектігін анықтайтын болады.
3)Желілік адаптердің тақшасы арқылы және онан әрі желілік кабель арқылы мәліметтерді жіберуге дайындайды.
Қабылдаушы – компьютер протоколға сәйкес сол әрекеттерді, бірақ кері ретпен орындайды:
1)берілгендер бумасын желілік кабельден алады.
2)желілік адаптерінің тақшасы арқылы буманы компьютерге береді.
3)жіберуші –компьютерде қосылған қызметтік мәліметтерді бумадан алып тастайды.
4)мәліметтерді бумадан буферге көшіреді де оларды бір берілгендер блогына біріктіреді.
5)бумалардан жиналған мәліметтерді берілгендер блогының қосымшасына пайдалану форматына сәйкес тасымалдайды.
Жіберуші –компьютер мен қабылдаушы –компьютер бір тәсілмен қажетті әрекеттерді орындауы керек және желі бойынша жіберілген мәліметтердің жеткізілген мәліметтермен сәйкестігін тексеруі керек.
Бір локальдық желі бойынша келесісіне тасымалданған мәліметтер маршруттардың бірі бойынша жеткізілуін маршрутталу деп аталады. Бірнеше маршруттар бойынша желілер арасында мәліметтер тасымалдайтын протоколдарды маршрутталатын протоколдар деп атайды және олар бірнеше локальдық желілерді бір глобальдық желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде олардың рөлі артып отыр. Желіде бір уақытта жұмыс жұмыс істейтін бірнеше протоколдар мәліметтермен мынадай амалдар жүргізе алады:
–– дайындау
–– тасымалдау
–– қабылдау
–– одан кейінгі әрекеттерді орындау.
Протоколдар стегі - протоколдардың аралас пайдаланылуы. Стектің әрбір деңгейі байланыс функцияларын басқарудың түрлі протоколдарын анықтайды. Әр деңгейде ережелердің жиынтығы сәйкес мынадай әрекеттерді орындайды:
–– Қолданбалы деңгей – инициалдау немесе сұраныс қабылдау
–– Ұсынылатын – бумаға форматтаушы ,бейнелеуші және шифрлеуші ақпаратты қосу.
–– Сеанстық – трафик жайлы мәліметтерді және буманы жіберу уақытты көрсетіп қою.
–– Транспорттық - қателерді өңдеу туралы ақпаратты қосу.
–– Арналық – қателерді өңдеу және мәліметтерді физикалық байланыс бойынша тасымалдауға даярлау.
–– Физикалық –биттер ағыны түріндегі бумаларды жөнелту.
Қазіргі уақытта желілерде коммуникациялық протоколдардың көптеген стектері қолданылады. Олардың арасында көп тарағандары TCP/IP, IPX/SPX , Net BIOS/SMB, DECnet, SNA және OSI. Бұлардың барлығы, SNA стегінен басқалары төменгі деңгейлерде (физикалық және арналық )жақсы стандартталған Ethernet, Token Ring, FDDI және басқа да барлық желілерде бір ғана аппаратураны пайдаланатын протоколдарды қолданады..Бірақ жоғарғы деңгейлерде олар өз протоколдары бойынша жұмыс істейді. Бұл протоколдар көпшілік жағдайда OSI моделі бойынша деңгейлерге бөлуге сәйкес келе бермейді.
OSI стегі. OSI моделі мен OSI стегін ажырата білу қажет. OSI моделі ашық жүйелердегі өзара әрекеттерінің концептуалдық схемасы болса, OSI стегі протоколдардың нақты арнайы жиынтығын білдіреді. Басқа протокол стектерінен OSI стегінің айырмашылығы OSI стегі толығымен OSI моделіне сәйкес келеді де, осы модельде анықталған барлық жеті деңгейдің протоколдарынан құралады.
OSI стегінің протоколы өте күрделі және соған байланысты OSI протоколдары орталық процессордың есептеу қуаттылығына көптеген салымдарды қажет ететіндіктен, олар дербес компьютер желілерінен гөрі қуатты машиналарға көбірек пайдаланады.
TCP/IP стегі төменгі деңгейде физикалық және арналық деңгейдің барлық стандарттарын қолдайды. Атауынан көрініп тұрғанындай, стектің негізін TCP және IP протоколдары құрайды..Бұл протоколдар OSI моделінің терминологиясында транспорттық және желілік деңгейлерге сәйкес келеді. IP құрама желі бойымен буманың қозғалысын, TCP жеткізілу жабдықтарының сенімділігіне кепілдік береді. TCP/IP стегі есептеуіш желілердің транспорттық протоколының ең кең тараған стегі болып есептеледі.
TCP/IP стегі алғашында жобалық Интернет желісі үшін құрылғандықтан, басқа протоколдарға қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Дербес жағдайда бұл протоколды үлкен желілерде пайдалану мүмкіндігі оның бумаларды фрагменттерге бөле алуын атауға болады.Екінші ерекшелігі TCP/IP технологиясы адрестеудің икемді жүйесін құруға мүмкіндік беретіндіктен, интержеліге желінің түрлі технологияларын пайдаланылуының қарапайымдылығы болып есептеледі.
TCP/IP стегінде кең көлемді бөлінулердің мүмкіндігін тиімді пайдалануға болады. Бұл қасиеті территориялық желілердің бояу байланыс арналарымен жұмысында өте қажет.
Алайда TCP/IP ресурстарға жоғары талап қоятындығымен, IP желілерді басқаруының күрделілігімен де ерекшеленеді. Қуатты TCP/IP стегі протоколының функционалдық мүмкіндіктері өз пайдалануында үлкен есептеуіш мүмкіндіктерін қажет етеді. Адрестеудің икемді жүйесі және кең көлемді бөлінулерден бас тарту IP-желілерінде DNS, DHCP және т.б. типті орталықтандырылған қызметтерді пайдалануды қажет етеді. Бұл қызметтердің әрқайсысы желіні басқару жұмыстарын жеңілдетуге бағытталған , оның ішінде құрылғы конфигурациясын жеңілдетеді, бірақ басқарушының бақылауында әрқашан болуын қажет етеді.
IPX/SPX стегі NetWare желілік операциялық жүйесіне арналып жасалған Novell фирмасының протоколдарының арнайы стегі болып табылады.
IPX/SPX стегінің көптеген ерекшеліктері – NetWare операциялық жүйесінің алғашқы нұсқауларына бағытталып жасалып, өлшемдері көп емес локальдық желілердегі азғантай ресурсты дербес компьютерлер үшін жасалғандығы. Мұндай компьютерлер үшін оперативтік жадысы минимальдік болатын, есептеу қуаттылығы үлкен емес процессорлардың тез жұмыс істеуіне қажетті протоколдар ретінде құрылған. Нәтижесінде IPX/SPX стегі протоколдары локальдық жүйелерде өте жақсы , ал үлкен корпаративтік желілерде баяу жұмыс істейді, себебі кең көлемді бумалармен баяу жұмыс істейтін жобалық желілерді толтырып тастайды да бұл стектің бірнеше протоколдарын тым көп пайдаланады. Осы мәселелер мен IPX/SPX стегі Novell фирмасының меншігі болғандықтан ,оны қолдануға лицензия алу қажет болғандықтан, бұл стек NetWare желілерінде ғана пайдаланылып келді. Алайда Novell фирмасы NetWare 4,0 нұсқасын шығарғаннан бері протоколға корпаративтік желілерде жұмыс істеуге қажетті көптеген өзгерістер енгізіле бастады.
Net BIOS/SMB стегі IBM және Microsoft компанияларының өнімдерінде кеңінен қолданып келеді. Бұл стектің физикалық және арналық деңгейлерінде Ethernet,Token Ring, FDDI т.б. кең таралған протоколдар пайдаланылады.
Net BIOS протоколы 1984 жылы PC NetWогк желілік бағдарламасы үшін IBM PC негіздік енгізу-шығару жүйесінің стандарттық функциясының желілік кеңейтілуі ретінде жасалған. Кейіннен бұл протокол NetBEUI тұтынушы интерфейсінің кеңейтілген протоколы ретінде алмастырылады. Қосымшалардың үйлесімділігін Net BЕUI протоколының интерфейсі ретінде пайдалану үшін Net BIOS интерфейсі сақталып қойылады.
Net BЕUI протоколы шектеулі ресурстарды пайдаланатын 200-ден артпайтын жұмыс станцияларынан тұратын желілерге тиімді пайдаланатын протокол ретінде құрылған. Бұл протокол көптеген пайдалы функциялармен қамтылған. Оларды OSI моделінің желілік , транспорттық және сеанстық деңгейлерінде қолданады. Алайда,бұл стектің көмегінсіз бумаларды маршруттау мүмкін емес . Аталған қасиеттері Net BЕUI протоколын ішкі желілерге бөлінбеген локальдық желілерде пайдаланылуын шектеп,
құрама желілерде пайдалануға мүлдем мүмкіндік бермейді . Net BЕUI протоколының кейбір шектеулері Microsoft Windows NT операциялық жүйесінің құрамына кіретін NBF протоколынан алынып тасталған.
SMB протоколы сеанстық , ұсынылатын және қолданбалы деңгейлердің функцияларын орындайды. SMB негізінде файлдық қызмет , сонымен қатар баспаға беру мен қосымшалар аралығында хабарламалар тасымалдау қызметтері ұсынылады.