IP протоколы Интернеттік желілік деңгейін оқып үйренуді IP диаграммасының форматынан бастаймыз. IP диаграммасы тақырыптан және текстік бөліктен құралады. Тақырып міндетті 20 байттық бөліктен тұрады, сондай – ақ айнымалы ұзындықтың міндетті емес бөлігінен тұрады.
Тақырыптың форматы келесі суретте көрсетілген
Ол оңға және солға беріледі, яғни өрістің үлкен биті версия бірінші жіберіледі. Версия өрісі дейтаграммаға ие протокол версиясынан тұрады. Әрбір дейтаграммаға қосылған версиялар әртүрлі машиналардың протоколдық болжамаларын қодануға мүмкіндік береді. Жыл өткен сайын протоколдар өзгеру үстінде, соған байланысты бір машинада жаңа версиялар қолданылса, ал екінші машинада ескі версиялар қолданылады. Қазіргі таңда IPv4 версиясынан IPv6 версиясына өту кезеңі жүріп жатыр. Бұл процестің жүріп жатқанына көптеген жылдар болды, ол аяқталады деген де еш хабар жоқ.
Тақырып ұзындығы өлшемнің айнымалысы болып табылады. Ақпарат онда 32- разрядтық сөз түрінде көрсетіледі. Ұзындықтың минимальды мәні 5-ке тең. Бұл 4 битік өрістің максималды мәні 15-ке тең.
Қызметтік тип өрісі жыл сайын өзгеріп отыратын жалғыз өріс. Ол класты ажыратып тұру үшін қолданылады. Сенімділік және жылдамдылық комбинациясының әр түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Әрбір цифрланған дауыс жылдамдығының жеткізілуі нақталақтанда маңыздырақ.
6 разрядты қызметтік тип өрісі үш үш разрядты Precedence өрісінен және D,T және R үш жолаушыларынан құралған. Precedence өрісі 0-ден 7-ге дейінгі приоритетті көрсетеді.
Толық ұзындық өріс тақырыпты сонымен қатар мәліметтерді қоса алғанда дейтаграмманың барлық ұзындығынан құралады. Дейтаграмманың максималды ұзындығы 65 535 байтқа тең.
Идентификаторр өрісі хост-қабылдаушыға алынған фрагмент қай дейтаграммаға жататынын анықтауға мүмкіндік береді. Бір дейтаграманың барлық фрагменттері идентификатордың бір мәніне ие.
Өмірдің уақыты өрісі пакеттің өмірінің уақытын шектейтін счетчикке ие. Ол секундтан бастап пакеттің максималды өмір уақыты, яғни 255 секундқа дейін шектеп отырады. Фрагменттерден дайтаграмманы жинап алып, желілік деңгей оныман не істеу керектігін шешуі керек. Протокол өрісі транспорттық деңгейдің қай процесіне оны жіберу керектігін хабарлайды. Бұл ТСР және UDP немесе тағы басқалар болуы мүмкін.
Қауіпсіздік параметрі құпия диаграмманың деңгейін көрсетеді. Теориялық әскери маршрутизатор бұл өрісті маршрутизация дейтаграммасына мемлекеттің анықталған территориясы арқылы тосқауыл жасауы үшін қолданылады.