Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет12/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
3.2. OSI моделі. «Ашық жүйе» түсінігі
Желінің өте көп қолданылуынан өндірушілер желілік компоненттерді және желілерге бағытталған программалық жабдықтамаларды ұсынады. Өндірушілер желілік есептермен өнімдерді өндіруінде өздерінің спецификацияларын қолданады. Бұл спецификациялар бір-біріне тәуелді болмауы мүмкін. Күнделікті өмірде біз қарым-қатынас ережелерін сақтаймыз. Мысалы телефонда сөйлесуде, бір уақытта сәйкесінше бір адам ғана сөйлейді. Егер екі адам бір уақытта сөйлессе бір-бірінің не туралы сөйлегендерін ұқпас еді. Бұл мысалда желіде лайықты қатынас болу үшін келісілген және қабылданған ережелер жиынтығы қажет. Ережелер немесе келісімдердің стандартты жиыны протокол деп аталынады. Протоколдарды өндірушілер немесе желілік стандарттар бойынша ұжымдар өндіре алады. Протокол ұсынылған, өндірілген және тексерілгеннен кейін, ол стандарттау ұжымынан қолдау табуы қажет.
Протокол деңгейі немесе эталондық модель протоколдарды жасауда өндірушілер орындайтын нұсқаулар жиынтығы. Сондай-ақ модемдер бір компьютерден басқаларына мәліметтер беруінде қажетті қызметтерді анықтайды. Сонымен қатар эталондық моделдер күрделі желілік функцияларды түсінуге көмектеседі. Біздің қарастырғалы отырған сондай моделдердің бірі OSI және оның TCP/IP сәйкестігі. Бұл моделдің жұмыс жасау ережелері мен ақпаратты бір-біріне ауыстыру деңгейлерін ашып, салыстырамыз.
OSI - Open System Interconnection - Ашық жүйелердің байланысу моделі. OSI моделі жеті деңгейлік желі архитектурасынан құрылған (4-кесте).

Қосымша деңгейі (Application Layer)

Ұсынылатын деңгейі (Presentation Layer)

Сеанс деңгейі (Session Layer)

Транспорттық деңгейі (Transport Layer)

Желілік деңгейі (Network Layer)

Арна деңгейі (Data Link)

Физикалық деңгей (Physical Layer)

4-кесте. OSI моделі


Жүйелердің байланысуын деңгейлерге бөліп және әр деңгейдің сауалдарын жеке қарастырады. OSI - моделі операциялық жүйе, жүйедегі программалар, жүйенің аппараттық құрылғыларын іске асыратын қызметтерді қарастырады. Тұтынушылардың қолданбалары арасында байланыс қарастырылмайды. Тұтынушы қолданбалары OSI деңгейлеріне сұрау жолдап байланысуы мүмкін немесе жасаған программалары арқылы OSI-дің бірнеше деңгей жұмыстарын өзі іске асыруы мүмкін. OSI моделінде әр деңгейдің деректерін протоколды деректер блогы деп те атайды. Белгілі деңгейлердің деректер блогын белгілеуде кадр (frame), пакет (packet), дейтеграмма (datagram), сегмент (segment) деген атаулар қолданады.


OSI моделінің жеті деңгейіне тоқталып, жұмыс жасау ережелерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет