14.2 Интернет арқылы арқылы ұялы телефонға хабарлама жіберу
14.1 Ұялы телефон арқылы Интернетке шығу
Frame Relay (сөзбе-сөз аударғанда: “кадрлардың берілуі”) – салыстырмалы қарағанда жаңа ақпарат алмасуында болашағынан өте зор үміт күтуге болатын технология. Жоғары жылдамдықты цифрлық каналдардың шығуына байланысты пайда болған. Бұл технологияның жұмыс істеу принципі бірнеше виртуальдық каналдар үшін өткізілу жолақтары бөлініп қойылады да, әрбір виртуальдық каналдар үшін кепілденген өткізілу жолағы резервке қойылады. Frame Relay бумалық коммутациялар әдісін пайдаланады. Бірақ бұл протоколда қателерге өзгеріс жасап, олардың қабылданғаны жайлы мәліметтерді алу мүмкін емес, себебі Frame Relay жоғары жылдамдықты қателік ықтималдылығы 10-6 аспайтын цифрлық каналдарға негізделген. Бұл мәліметтерді жіберудің жылдамдығын арттырып, бумалардың жеткізілу уақытын барынша үнемдейді. Кадрлар (фреймдер) ұзындығы айнымалы болады және қажет болғанда 4 Кбит дейін жетіп, қызметтік мәліметтерді жіберуге кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Frame Relay артықшылықтары бұл технологияны компаниялар үшін ең тиімді әрі ең аз шығын кететін сапалы байланысты қамтамасыз етеді. Frame Relay негізінде желілік мәселелерін шешкен компаниялар ең аз материалдық шығынмен және құрылғыларды да аз пайдаланатын, бірақ жоғары сапалы әрі қауіпсіздігі жоғары болатын желімен жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Тиімділігі. Frame Relay порттарының және виртуальдық каналдарды арендаға алу цифрлық бөлінген каналдар арендасына қарағанда арзанырақ, әрі клиент желісіндегі каналдар неғұрлым көп болса, соғұрлым ұтымдырақ болады.