Шетелдік инвестициялау:бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі обьектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметтерді ұстау жөніндегі есеп-айырысымдарын жүргізу.
Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта республика кәсіпорындарының, ұйымдардың және өңірлерінің дербестігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субьектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық қызметті басқару негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларға (кеден баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) аударылып отыр. Сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты – ұлттық валютаның тұрақты жұмыс істеуі және валюта рыногын дамыту.
Сыртқы экономикалық қызметті қалыпты жүргізу асырылуы үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика және бюджет жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банктің құрылымында сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар жасауға лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандандырылған тауар биржаларының желісі жұмыс істейді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу – нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделген санкцияларды қолдану.