Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет30/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Айналымдағы капиталды нормалау.

1) күнмен саналған айналым капиталының айналымдылық ұзақтығы арқылы;


2) айналымдылықтың тура коэффициентімен;
3) айналмдылықтың кері коэффициентімен.
Айналым капиталының күнмен саналған айналымдылығы айналымның бірінші сатысынан- шикізат, материалдар мен жартылай фабрикаттарды сатып алудан, ақырғы сатысы- дайын өнімді сатуға дейінгі толық айналым ұзақтығы деп түсініледі.
Күндік айналым L келесі формулалар арқылы есептеледі:


L = E  T : Nр
L = E : Np  T

мұнда: Е – айналым капиталының орташа қалдығы, теңге;


Т –күнмен санағандағы кезең ұзақтығы (жинақтап алу керек, яғни 1 жыл – 360 күн, 1 тоқсан – 90 күнге және 1 ай – 30 күнге тең).
Np - сатудан түскен табыс, теңге.

Айналымдылықтың тура коэффициенті тк берілген кезең ішіндегі айналым санын немесе айналым капиталының әрбір теңгесіне тиесілі сатылған өнім көлемін сипаттайды:




тк= Np / E
Сәйкесінше, айналымдылықтың кері коэффициенті (айналымдағы қаражаттарын толық пайдалану коэффициенті)


oк = E / Np

Келтірілген формулалар бойынша барлық айналым капиталының, жеке алғанда мөлшерленетін және мөлшерленбейтін айналым капиталының айналымдылық көрсеткіштері, сондай-ақ айналым капиталының жекелеген элементтерінің айналымдылық көрсеткіштері есептеледі. Жоспарлық айналымдылық көрсеткіштері тек мөлшерленетін айналым капиталы және олардың жеке элементтері бойынша анықталады.


Сату айналымы тауарлық өнімнің кәсіпорынның көтерме бағасымен сатылу құны және көрсетілген қызметтің, материалдық құндылықтар мен қызмет көрсетудің құны туралы мәліметтерге сүйеніп есептеледі.
Айналымға түсетін барлық айналым капиталының айналымдылығы мөлшерленетін және мөлшерленбейтін қорлардың орташа қалдығы бойынша анықталады. айналымдылықты есептеу кезінде мөлшерленбейтін айналым капиталына мыналар жатады: қаржы қорлары; жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар, дебиторлық қарыздардың барлық түрі.
Айналым капиталының орташа қалдықтарының көлемін орташа уақыт мөлшерін анықтайтын формуласымен есептеледі, мысалы, жылдық орташа қалдықтар көлемі жыл басындағы мен жыл соңындағы қалдықтар жартысын және барлық қалған айлардың бірінші күніндегі қалдықтарды қоса отырып, алынған қосындысын 12-ге бөлумен анықталады. Мөлшерленетін айналым капиталы жоспарлық орташа қалдықтарының нормативтер қосындысына, маусымдық қорларға және банктік несиеге қатысты есептеледі. Маусымдық қордың қалдығы осы құндылықтарға берілген банктік несие бойынша іс-жүзіндегі орташа қарыз мөлшерінде және несие берер кезінде банктің есепке алған жабдықтаушыларға қарызы қосылады.
Екі кезеңдегі айналымдылық көрсеткішін салыстыру кезінде есеп беру жылының алдыңғы кезең көрсеткіштерін есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштерге қатысты құнын салыстырмалы түрге келтіру қажет.
Айналым капиталының айналымдылығын күнмен есептеудің мысалын келтірейік (6.1 – кесте).
Кестеде берілген мәліметтер бойынша айналымдылық коэффициенттерін де есептеуге болады. Сонымен, алдыңғы жыл ішінде мөлшерленетін айналым капиталы 8 айналым жасады (8000:1000), есеп беру жылы ішінде – 9 айналым (10 800:1200). Сәйкесінше, айналым капиталын толығымен жұмыс істеу коэффициенттері 0,125 (1000:8000) және 0,111 (1200:10 800) тең.

Өнеркәсіп кәсіпорынында айналым капиталының айналымдылығын есептеу жолдары (күнмен)




Алдыңғы жылы

Есеп беру жылы

Жоспар бойынша

Іс жүзінде

Сатудан түскен табыс, млн.теңге
Барлық айналым капиталының орташа
жылдық қалдығы, млн.теңге
Оның ішінде мөлшерленетіндері
Барлық айналым капиталының айналымдылығы, күн
Соның ішінде мөлшерленетіні, күн

8000

1200
1000


54
45



10540
1230
42

10800

1400
1200


46,7
40



Айналым капиталының құрылымы, айналымдылығы өзгеруін сараптауда оның жекелеген элементтерінің айналымдылығын есептейді. Жекелеген элементтердің айналымдылығы да жоғарыда келтірілген формулалармен есептеледі, бірақ ондағы жекелеген элементтердің мәні өзгереді.


Жекелеген элементтердің айналымдылығын сипаттайтын жеке көрсеткіш формуласы (күнмен) жалпы түрде:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет