Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет26/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық категория ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.
Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар; сондай-ақ кәсіпорын кассасында немесе банктегі есеп айрысу шоттағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінеді.
Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қордың негізгі қызметі – ақшалай қаражатпен айналым үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету.
Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.
- өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларды құруға және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Өндірістік айналым қорлары – бұл еңбек заттары (шикізат, негізгі материалдар мен жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т.б.), мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи – заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді.
Өндірістік айналым қорлар құрамындағы өндірістік қаражаттардың шамасы ең алдымен өндірісті ұйымдастыру-техникалық деңгейімен және дайындалатын өнімнің өндірістік цикл ұзақтығымен сипатталады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемде айналым капиталының болуы қажетті алғышарты болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді..
Айналым қорлардың құрамы. Өндірістік негізгі қорларға қарағанда кәсіпорындардың өндірістік айналым қоры өндіріс қорларының әрбір өндірістік циклінде жұмсалып, олардың құны еңбек өнімінің құнына толығымен және бірден өтетін заттық элементтердің бөлігі болып саналады.
Айналым капиталы өндіріс және айналыс өрісінде пайдаланалып, жабдықтау, өндіру және өткізу сияқты үш кезеңнен өтеді және осы кезеңдер ішінде әр түрлі табиғи күйге енеді.
Айналым капиталын төрт топқа бөлуге болады: өндірістік запас (босалқы), аяқталмаған өндіріс (аяқталмаған өнім), дайын өнімдер және ақша қаражаттары (есеп айрысу шотындағы қаражаттарын қоса санағанда).
Өндірістік запасқа келесілер жатады: Шикізат пен негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикат пен жинақтау бұйымдары, көмекші материалдар, ыдыстар (жәшіктер, пакеттер, қаптар, бөшкелер және т.б.), қосалқы бөлшектер, көмекші материалдар.
Аяқталмаған өндіріс өнімнің құны жұмсалған шикізаттың, негізгі және көмекші материалдардың, отын, энергия, су, бу, сығылған ауа құнынан, өнімге қосылған негізгі қорлар құнының бір бөлігінен (амортизациялық аударымдар), сондай-ақ қызметкерлерге берілген еңбекақы түріндегі шығындар қосындысының жиынтықтарынан құралады.
Кәсіпорын сатып алынатын жартылай дайындалған заттардан басқа, өзінде дайындайтын, аяқталмаған өнімге ұқсас жартылай фабрикаттарды да пайдаланады.
Жаңа өнімді игеруге, дайындауға және басқа да ұзақ мерзімді жұмыстарға жұмсалған шығындар болашақ кезең шығындарын құрайды және келешектегі өнімнің өзіндік құнына қосылады. Бұл шығындар қазіргі кезде БЕС талаптарына сәйкес айналыс қорының құрамына жатады.
Өндірістік үдерістің толық орындалуына байланысты аяқталмаған өнімге жұмсалған айналым қоры дайын өнім түріне енеді. Дайын өнім – бұл белгілі бір кәсіпорында өңделуі аяқталған және стандарт бойынша қабылданған өнімдер.
дайын өнімдер жинақтау мен буып-түюге қажетті уақыт ішінде қоймаларда сақталады, содан кейін ғана тұтынушыға жөнелтіледі. дайын өнім сатылған соң айналым капиталы жаңа түрге – ақша түріне енеді.
сатудан түскен ақшалай табыс қаражаты кәсіпорынның коммерциялық банктердегі есеп- айырысу шотына түседі, сонан соң ғана олар қайтадан өндірістік запастар құруға, қызметкерлер еңбекақысын төлеуге және т.б. пайдалынады.
Осылайша, айналым капиталы өндірістік үдерісте келешекте қажетті өндірістік запастар мен аяқталмаған өндіріс өніміне, ал айналыс үдерісінде дайын өнімдер мен қаражат түрлеріне ауысып отырады.
Өндірістік айналым қорлар өзінің қозғалыс барысында айналыс өрісіндегі айналыс қорларымен де байланысты. Оған қоймалардағы дайын өнім, өнімді тұтынушылармен есеп айрысудағы ақшалай және басқа қаражаттар, мысалы дебиторлық қарыздар жатады.
Айналым қорлардың жекелеген элементтері немесе олардың құраушы бөліктері арасындағы меншікті қатынасы айналым қорының құрылымы деп аталады.
Ресурсты жинақтау қағидасын мүлтіксіз сақтай отырып, өндірісті қарқындату нарықтық экономикаға өту жағдайында басты міндеттің бірі болып саналады.
Үнемдеу тәртібін орындауға бағытталған іс-шаралардың басты жүйесінде еңбек заттарын үнемдеу мәселесі айрықша орын алады. Бұл - өнімнің сапасына, сенімділігі және ұзақмерзімділік қасиеттеріне ешқандай нұқсан келтірмей, өнім бірілігіне жұмсалатын шикізат, материалдар мен отын шығындарын төмендету деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет