Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет22/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Қайта жаңғыртудың артықшылығы. Өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы даму өндірісінің басты, әрі маңызды көзі – бұл өндіріске күрделі салым жасау. Негізгі қорларды жай және ұдайы даму өндірісінің бірнеше түрлері болады. Жай (қарапайым) ұдайы өндірісінің түрі – ескірген негізгі қорларды алмастыру және толық жөндеуден өткізу. Ұдайы даму өндірісі жаңа құрылыс салу, қолданыстағы фирмады кеңейту, оларды қайта қалпына келтіру немесе техникалық қайта жарақтандыру, құрал-жабдықты жетілдіру арқылы іске асырылады. Бұл түрлердің әрқайсысы да белгілі бір міндеттерді шешеді және әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Жаңа құрылыс салу есебінен жаңа кәсіпорындар іске қосылады, өндіргіш күштерді ел аумағына дұрыс, тиімді орналастыру міндеті шешіледі. Жаңадан салуда техникалық серпілістіктің жаңа жетістіктерін, кешенді жобалауды пайдалануға болады, бірақ мұның барлығы негізгі қорлардың белсенді және енжарлы бөліктерін құруға көп уақыт пен едәуір қаржыны қажет етеді. Қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірісті кеңейтудің барлық мүмкін жолдары сарқылып біткенде ғана жаңа құрылысқа кіріскен жөн. Ескі құрал-жабдықты жаңарту немесе ауыстырудың өзі өндірістің едәуір ұлғаюына себепші болады.
Қайта жаңғыртудың артықшылығы – мұнда күрделі шығындардың ескі өндірістік ғимараттар мен құрылымдарды пайдалана отырып, ең алдымен, негізгі қордың белсенді бөлігін кеңейтуге жұмсалуы. Құрал-жабдыққа жұмсалған қаржы үлесін арттыру бұрынғы күрделі салымдар көлемін сақтай отырып өндіріс өсімін арттыруға және соның негізінде еңбек өнімділігін жоғарылатып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, кей жағдайларда фирманың жекелеген бөлімшелерінің жұмысын тоқтатуға тура келеді, бұл болса фирманың қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Негізгі қорларды ұдайы даму өндірісінің тағы бір түрі болып табылатын құрал-жабдықты жетілдіру болып саналады, бұл жағдайда құрал-жабдықтың екінші дәрежелі сапалық тозуын толығымен немесе ішінара жою және техника – экономикалық көрсеткіштерін неғұрлым озық конструкциялы ұқсас құрал-жабдықтың деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік туады. Құрал-жабдықты жетілдіру бірнеше бағыттарда жүруі мүмкін: қолданыстағы машиналардың конструкциясын жетілдіру жолымен, оның техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктерін арттыру; станоктар мен тетіктердің жұмыс істеу ретінің сипаттамалары мен техникалық мүмкіндіктеріне сай механикаландыру және автоматтандыру; құрал-жабдықты бағдарламалық басқаруға көшіру.
Құрал-жабдықты жетілдіру нәтижесінде жылдық өндіріс көлемі өсіп, өнімнің өзіндік құны төмендейтін болса, онда ол экономикалық жағынан тиімді деп есептеледі. Бұл кезде өндіріс табыстылығы да жоғарылауы қажет. Егер жетілдіруге жұмсалған шығын нәтижесінде пайданың салыстырмалы өсімі өндірістік қорлардың құнынан жоғары болатын болса, онда соңғы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы даму өндірісінің басты, әрі маңызды көзі – бұл өндіріске күрделі салым жасау. Негізгі қорларды жай және ұдайы даму өндірісінің бірнеше түрлері болады. Жай (қарапайым) ұдайы өндірісінің түрі – ескірген негізгі қорларды алмастыру және толық жөндеуден өткізу. Ұдайы даму өндірісі жаңа құрылыс салу, қолданыстағы кәсіпорынды кеңейту, оларды қайта қалпына келтіру немесе техникалық қайта жарақтандыру, құрал-жабдықты жетілдіру арқылы іске асырылады. Бұл түрлердің әрқайсысы да белгілі бір міндеттерді шешеді және әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Жаңа құрылыс салу есебінен жаңа кәсіпорындар іске қосылады, өндіргіш күштерді ел аумағына дұрыс, тиімді орналастыру міндеті шешіледі. Жаңадан салуда техникалық серпілістіктің жаңа жетістіктерін, кешенді жобалауды пайдалануға болады, бірақ мұның барлығы негізгі қорлардың белсенді және енжарлы бөліктерін құруға көп уақыт пен едәуір қаржыны қажет етеді. Қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірісті кеңейтудің барлық мүмкін жолдары сарқылып біткенде ғана жаңа құрылысқа кіріскен жөн. Ескі құрал-жабдықты жаңарту немесе ауыстырудың өзі өндірістің едәуір ұлғаюына себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет