Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Қызмет мерзімі Амортизация сомасы



бет19/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Қызмет мерзімі Амортизация сомасы

1-ші жыл - 30 000 = (90 000  5/15)


2-ші жыл - 24 000 = (90 000  4/15)
3-ші жыл - 18 000 = (90 000  3/15)
4-ші жыл - 12 000 = (90 000  2/15)
5-ші жыл - 6 000 = (90 000  1/15)

Кумулятивтік санды жылдам анықтау үшін келесі формуланы қолданады:


S = N (N + 1) / 2
мұндағы: S - сандар қосындысы,
N – болжамдық пайдалы қызмет ету мерзімі.

Біздің мысалымызда бұл: S=5  (5 + 1 ) / 2 =15 (кумулятивтік сан)


Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің қағидаларына негізделген. Оны түзусызықты әдісте қолданылатын амортизация мөлшерін екі еселенген түрін қолданып отыратын қалдық әдісі деп те атайды. Бұл жағдайда жылдан жылға амортизация сомасы кеми береді және алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады. Амортизацияны есептеуде болжамды қалдық құны ескерілмейді.
Мысалы. Түзусызықты әдісте амортизациялық аударымдар қалыпты мөлшері - 20 %, онда екі еселенген коэффициентін ескере отырып жеделдетілген амортизация 40 % - ды құрайды және ол қалдық құнға бекітілген үстеме болып табылады. Бұл кезде бастапқы бағасы - 1 000 000 тенге және қалдық құны - 100 000 тенге болатын төлемдер келесі түрде анықталады:

Бастапқы құны Амортизация құны Қалдық құны


1-ші жыл 1 000 000 400000=(40%  1000000) 600000


2-ші жыл 1 000 000 240000=(40%  600000) 360000
3-ші жыл 1 000 000 144000=(40%  360000) 216000
4-ші жыл 1 000 000 86400=(40%  216000) 129600
5-ші жыл 1 000 000 296=(1296-296) 100000

Жаңадан қызметке енгізілген негізгі капиталдың амортизация төлемі енгізілген айдан кейінгі айдың бірінен басталады, ал істен шыққан құралдарға байланысты амортизация төлемі, олардың істен шыққан айдан кейінгі айдың бірінен бастап доғарылады.


Негізгі капитал қайта жаңарту немесе техникалық қайта жаңғырту кезінде толық тоқтап тұрса немесе олар пайдаланбайтын болса онда амортизация төлемдері жүргізілмейді. Сондай-ақ, жерге, өнімдік мал басына, кітапхана қорларына, мұражайға, құндылықтарға, сәулет және ескерткіштерге, жалпыға ортақ автомобильдік жолдарға амортизация саналмайды. [27]
Амортизацияны санаудың жеделдетілген әдісін басқа әдістермен салыстырғанда амортизацияны негізгі капиталдың теңдестік құнын, өндіріс және айналым шығындарына толығымен көшіру мақсатында жедел түрде санау әдісі болып табылады.
Дамыған елдердің экономикалық сараптау тәжірибесінде амортизацияны санаудың келесі жедел әдістері мәлім: амортизация есептеудің жеделдетілген сызықтық әдісі (бірқалыпты - жеделдетілген әдіс), амортизацияланатын құнның сызықтық емес кемімелі қалдық әдісі, сандарды жиынтықтау әдісі (жылдар саны әдісі) және т.б. [83]
Сызықтық әдістерге қарағанда жеделдетілген әдіс амортизацияны негізгі капиталды қайта жаңғыртуға керекті қаржы ресурсын тезірек жинауға мүмкіндік береді, себебі амортизациялық аударым мөлшері мұнда жоғары. Сондықтан, бұл әдістің негізгі капиталды қайта жаңғыртуға тигізетін ықпалы да күштірек.
Бірқалыпты – жеделдетілген әдіс бойынша амортизация мерзімін қысқарту үшін амортизациялық аударым мөлшері ұлғайтыла береді. ҚР-да 1997ж 1-ші каңтарынан бастап, елдегі өнеркәсіп саласында негізгі қорларға жеделдетілген амортизация қолдануға рұқсат етілген. Қолданыстағы нормативті ережелерге сәйкес, кәсіпорындар жеделдетілген амортизацияны қолдану кезінде оны есептеудің бірқалыпты (сызықтық) әдісін пайдалануы тиіс болатын және мұнда жылдық амортизациялық аударымдар мөлшері ұлғайып отырды, бірақ екі еседен асырылмайды. Сол арқылы негізгі қорлардың белсенді бөлігінің әрбір саралау тобы бойынша амортизациялық кезеңді анықтау аралығы бекітілді, яғни әдістемелік тұрғыдан алғанда ең маңызды болып, негізгі капиталдың қызмет мерзімін оңтайлау мәселесі қойылған болатын. Бірақ жеделдеткен амортизация мен тиісті мөлшерлер ендіру кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің артуына әкелмеді.
Кемімелі, қалдықтық, сызықтық емес әдісі іс жүзінде екі нұсқада қолданылады:
- еңбек құралдарының ұдайы азайып отыратын амортизация- ланбаған құнына қатысты жылдық амортизациялық аударым мөлшерінің тұрақты шамасымен;
- негізгі еңбек құралдарының бастапқы құнына қатысты саналған жылдық амортизация төлемдер мөлшерінің қызмет ету мерзімі ұлғая түскен сайын ұдайы азаюымен.
Алғашқы жағдайда амортизациялық аударым мөлшері екі есе және одан да жоғары көбейіп отырады және ол амортизация төлемдерінің жылдық мөлшерін есептеуге қолданылады. Әрбір кейінгі жылда нысанның амортизациялық құны амортизациялық аударымдардың жинақталған сомасына кеміп отырады. Амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы амортизацияның көбейтілген мөлшерін нысанның берілген жыл үшін есептелген амортизациялық құнына көбейту арқылы анықталады. Ай сайынғы амортизациялық аударымдар олардың жылдық сомасын он екіге бөлу арқылы анықтайды.


Мысалы: Амортизациялау құны - 7 500 000 теңге. Амортизация мөлшері - 8 %. Амортизация мөлшерінің артуы – 2,5 есе.



Жыл

Амортизациялық қалдық құн, теңге

Амортизация мөлшері, %

Амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы (мөлшері), теңге

1

7 500 000

20

1 500 000

2

6 000 000

20

1 200 000

3

4 800 000

20

960 000

4

3 840 000

20

768 000

5

3 072 000

20

614 400

6

2 457 600

-

614400

7

1 843 200

-

614400

8

1 228 800

-

614400

9

614 400

-

614400

Барлығы:







7500000

Екінші жағдайда амортизациялық аударым мөлшері:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет