Тақырып 10. Ұйымдыбасқару негіздері 1.Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру.
2.Басқару функциялары мен әдістері.
3.Кәсіпорын қызметіндегі маркетингтік тәсіл, маркетингтік шешімдер туралы ақпарат.
1.Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру. Кәсіпорынның басқару құрылымының негізі – құрылымының графикалық бейнесінің немесе көрсетілімінің детализациясының дәрежесі. Олар бөлінеді: басқару жүйесінің макроқұрылымы звенолары болып басқару органдары табылады (басқару субъектілері, заңды тұлға болып табылады); мезоқұрылымы, бұны құрылымдық бөлімшелер құрайды; микроқұрылым, звеноларыболып жұмыскерлер табылады (жұмыс орындары) және басқару құралдары. Мысалы, макроқұрылым масштабындағы басқару жүйесінің звенолары қонақ үй, мейрамханалар, ойын-сауықханалар орталығының – ҚР Сауда министрлігі, мезоқұрылым масштабында – сызықтық функционалдық құрылымдық бөлімшелері (директор және оның орынбасары, бөлімдер: өндірістік, жоспарлы-экономикалық, кадрлік және т.б.).
Құрылымдық бөлімшелер – мезо және микроқұрылым масштабында басқару жүйесінің звеносы, мысалы, функционалдық бөлімдер болып табылады. Звено – бұл басқару жүйесінің иерархия құрайтын элементі, подсисбема. Басқару жүйесінің құрылымының масштабына сәйкес оның звенолары: басқару органдары, құрылымдық бөлімшелер, жұмыскерлер немесе басқару жүйесінің техникалық құралдары бола алады.
Басқаратын жүйе бөлімінің звенолары басқару субъектілері болып табылады, ал басқарылатын ол басқару объектісі болып табылады.
Басқару звеносы ретінде жүйенің элементі болуға қажетті және жеткілікті шарт болып оның басқару функцияларының біреуін орындағаны болып табылады.
Звенолар арасындағы байланыс 2 түрлі болуы мүмкін: тігінен (басшылар және бағынушылар) және көлденеңінен (теңқұқылық элементтер кооперациясы). Тігінен байланыс бөлінеді:
— сызықтық (басқарушылардың барлық сұраныстары бойынша міндетті бағыну);
— функционалдық (кейбір мәселелер ғана бойынша бағыну).
Көлденең байланысты сипаттама беру үшін жұмыскердің жалпы санының көрсеткіші қолданылады, олармен басқару процессі кезінде байланыс орнатылады.
Кешенді құрылған жүйеде минимум ретінде басқарудың 2 деңгейі бар, ал жалпы саны басқарудың төменгі деңгейінің басқару объектісінің байланысының қиындығымен айқындалады.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына қойылатын талаптарды қарастырайық.
1. Басқарудың негізгі элементін, мақсатты, әдістерді, принциптерді, функцияларды және шешімдерді қабылдағанда кезеңдерін айқындап білу мүмкіндіктің болуы.
2. Құбылмалы басқару — әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық шарттардың өзгеруін тез қабылдай білу.
3. Иерархиялық баспалдақтың минимум болуы.
4. Мәселелердің тез шешілуі, яғни минималды уақытта орындалуы.
5. Ұйымдастырушылық құрылым бөлімшелер бойынша функцияларды тиімді бөлумен қамтамасыз ету керек. Яғни, басқару звеноларына және функцияларды жетілдірудің қажеттілігін және мүмкіндігін қарастыру керек.
6. Басқару аппаратының әр бөлімшелеріне жүктемені бір қалыпты бірдей беру керек, әр звено бір-бірімен ортақ мақсат және мәселелерді шешу арқылы байланыста болу керек.
Басқару органдарының құрылымдық бөлімшелерін келесідей топтарға топтастыруға болады:
жетекшілік – бұл басқару органдарының барлық құрылым бөлімшелерінен басқаратын жұмысшылар болып табылады (басшы, оның орынбасары, коллегия);
салалық құрылымдық бөлімшелер – басқару объектісінің әр түрлі бөлімдерін басқарады;