Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету



бет98/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
2.Жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету
.Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарьш және қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кәсіпорынның қызметіне қажетгі шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған ондіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сактау және тұтынушыларға жіберу сияқты жүмыстар жиынтығыжатады.
Материалды құндылықтардың сақталуы, олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылдамдығы, өнім сапасы мен кұны қойма шаруашылығы жұмысының сапасын анықтайды.
Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі.
Қызмет корсету саласына қарай қоймалар цехаралық (орталық) (кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) және цехтың (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді.
Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (көп атаулы немесе зр түрлі материалдарды сақтауға арналған) және арнаулы қоймалар (яғни біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып бөлінеді.
Қойма аумағына карай ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.
Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физико-химиялық талаптарына сай болып, койма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарьш жүргізу барысында барлық қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады.
Қоймалардың аумағы сакталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары жэне тагы басқа орындар болуы тиіс.
Қойманың пайдалы аумагы дәл немесе шамамен есептеледі. Қойманың шамамен есептеген аумағы коймадағы қордың максималды молшерінің 1 шаршы метр аумақтағы тоннамен есептелінетін жүк салмағына қатынасымен анықталады.
Қойма жұмыстарын ұйымдастыруда еңбекті көп қажет ететін жүмыс түрлерін, қол еңбегін азайту мақсатыида қоймалардағы жетекші тасу-тиеу, ыдысқа салу, орау жүмыстарын техникалардың жаңа түрлерімен жабдықтау қажет.
Сыртқа тасымалданатын материалды қүндылықтар сапа және сан жағынан тексеруден өтеді. Қабылдаиған материалдар қабылдау актілерімен бекітіледі. Меншікті өндіріс өнімдері тек сандық тексеруден өтеді.
Қабылданған материалды құндылықтар алдын ала белгіленген орынның шамасына, маркаларыыа қарай орналастырылады.
Қоймадан сыртқа шығарылатын материалдар ондірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жүмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі.
Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен тасып әкетілу есептері қоймаларда және бухгалтерияда жүргізіледі. Қоймаларда есеп жүргізу үшін картотека жасалынады. Мұнда әрбір номенклатуралық бап бойынша кіріс-шығыс карточкалары болады. Бүл карточкалар бойынша бухгалтерлік ведомостъ толтырылады.
Бұл ведомость алдымен жекелеген цехтар, қоймалар бойынша, ал содан кейін жалпы кәсіпорын бойынша толтырылады.
Кәсіпорында кеңінен пайдаланылатын шахматтық ведомость косіпорынның жалпы жүк айналымын, сонымен қатар жүк агымының көлемін анықтауга мүмкіндік береді. Жүк ағымының берілгендері көбіне жүк ағымы сызбасы түрінде беріледі. Оларды қүру жобаланатын маршруттар ұгымдылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік берсді. Жүк айиалымы, жүк ағымы жэне таңдалған көлік кұралдары жөніндегі берілгендер бойынша көлік қүралдарына деген қажеттілікті төмендегідей формуламен анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет