Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет94/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Күшті бәсекелестік тұғырмалы ұйым. Іс жүзінде әрбір сала өзінің нарықтағы тұғырмасын жақсартуға ұмтылатын қуатты ұйымдардан тұрады. Мұндай ұйымдар үшін өзіндік құн бойынша көшбасшы болуға талап ету, нарықтағы көшбасшылардың бірі бұл стратегияны қолданбаған жағдайда ғана мүмкін болады. Егер үнемдеу мөлшері үлкен болмаса және нарықтың үлкен үлесіне бақылау орнату бағалық артықшылықтар бермесе, онда маркетинг басымдылықтарды таңдау келесі бағытта жүргізілуі керек.
Бос тауаша іздеу. Ұйым «өзінің» тұтынушыларын іздеп, олар үшін бәсекелестер қолданбаған ерекше маркетингтік саясатты пайдаланады. Бұл тәсілдің негізінде жатқан қағида – саланың көшбасшылары қызықпайтын нәрсеге күш салу. Сондықтан маркетингтік ортаны талдау нәтижесі пайда табу үшін жеткілікті мөлшері мен мүмкіндігі және белгілі өсу әлеуеті, ұйымның мүмкіндіктері мен тәжірибесіне сәйкес келетін, сонымен қатар көшбасшы кәсіпорындардың қызығушылығынан тыс салада қалатын нарықтық тауашаны табу болып табылады.
Тұтынушылардың нақты тобына бейімделу. Бұл жағдайда маркетингтік күш «тауар - тұтынушы» сызбасы бойынша таңдап алынған сегменттерді іздеуге бағытталады. Әр түрлі функцияларды орындайтын және әр түрлі қажеттіліктегі өнімнің кең ассортиментін өндіріп тұтынушылардың барлық топтары үшін күресудің орнына тұтынушылардың жоғары бағалайтын қызметтің арнайы іс-әрекет түрін дамыта алатын нарық облыстарына ауысуға ұйым күш салады.
Ең жақсы тауарды өндіру. Нақты тұтынушылар тобы үшін жоғары сапалы тауар жасауға мүмкіндік береті сегменттеу және бөлшектеу стратегиясын үйлестіру қажет. Сонымен қатар сапаны және сыртқы түрін бағалайтын тұтынушыларға бағыттап, өнімді сатудың талдауы бойынша барлық күшті салу керек. Жоғары шеберлілік, болашағы бар сапа, тұрақты жетілдіру, тұтынушылармен тығыз байланыста жұмыс істеу, «керемет тауар» жасау - осы тәсілді нығайтатын факторлар.
Көшбасшының ізімен жүру. Егер ұйым көшбасшы кәсіпорындардан тұтынушыларын өзіне қаратуға, нарықтың үлкен үлесін тартып алуға ниеттенбесе, ішкі ресурстарды және көшбасшылар әрекетіне еліктеу арқылы басқарушылық тәжірибені пайдалануға негізгі көңіл бөледі. Бұл көбінесе, бәсекелестер тарапынан күшті қарсылықты тудырмайды.
Кішігірім кәсіпорындарды өзіне қарату – бұл майда бәсекелестер есебінен өсу саясаты болып табылады. Бұл саясат неғұрлым бәсекеге қабілетті шамада өндірісті ұйымдастыру үшін немесе бәсекелестерді әлсіздендіру есебінен сату көлемін арттыру үшін майда кәсіпорындарды тікелей өзіне алу жолын анықтауды талап етеді. Осы немесе басқа тәсілдер қорларды шоғырлануды және бәсекелестерге қарсы жауап ретінде арнайы әдісті дайындауды талап етеді.
Ерекшеленген имидж жасау тұтынушылардың есінде тартымды ұйым үлгісі қалыптасатындай өнімнің бөлшектеу стратегиясының артықшылықтарын дамытуға бағытталған. Қызметтің мақсаты шығындарды қысқарту арқылы бағаны төмендету, бағасы төмен мәртебелі сапаны қамтамасыз ету, жақсы қызмет көрсету, сирек кездесетін нышандары бар тауардың жобаларын жасау, өткізу жүйелерін жетілдіру, ерекше жаңалықты немесе жарнама көшбасшысы болу көзделенеді.
Нарық көшбасшысы. Осыған байланысты тәжірибемен дәлелденген көшбасшысының стратегиясы және белгілі атағы болғандықтан, осыған байланысты «Қалай ұйым өз жағдайын жақсартып, оны сақтауға болады» - деген басты сұрақ туындайды. Бұл үшін көшбасшының мүмкіндігі үш стратегиялық бағытта бағаланады.
- Бастапқы саясаттың жалғасуы. Көшбасшының өзіндік құнды төмендетуге немесе өнімді бөлшектеуіне, тұтынушыларға қызмет көрсетуге, тауарды өткізу жүйесін жетілдіруге инновацияны жалғастыруға ресурстар жеткілікті ме Бекітілген көшбасшылардың әрекетінің стандарттары саланың басқа ұйымдары үшін қаншалықты қолданбалы Көшбасшының бастапқы саясатын сақтау үшін қолданылған стратегияны қайта қарау мүмкін бе Бәсекенің қандай жаңа әдістері мен тәсілдері бәсекелестік қарсылықты күшейтеді (тұтынушылар шығынын бәсекелестер тауарларын сатып алудан ұйымдастырушы-көшбасшы өніміне алмасу есебінен төмендету мүмкіндігі)
Ағымдағы тұғырманы сақтау. Басты міндет – оған деген сенімді жоғалтатын жағдайлардан көшбасшы қалай құтылуға болатынын анықтау (егер нарық үлесі монопольді мөлшерге жетсе), немесе қол жеткізілген табыстылық деңгейін, пайда мөлшерін ұстау (егер ұзақмерзімді болашағы бар салалар едәуір тартымсыз болса).
Көшбасшының ағымдағы тұғырмасын сақтаудың қуатты құралы бәсекелестердің қарсылық әрекетін қиындату үшін жағдайлар жасау болып табылады, көшбасшы - саланың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтайды:

  • салаға кірудің салмақты «кіріс кедергілерін» анықтау (қайта құрылған ұйымдар үшін);

- сапасы бойынша баға тартымдыларын сақтау;
- тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсарту;
- өндірістің технологиялық серпілістігімен өнімнің өзіндік құнының бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін жеткілікті қорларды инвестициялау;
- нарық үлесін сақтау және оның азаюына жол бермеу;
- пайдалы өндіріске артық ақша ресурстарын жұмсау.
Бәсекелестермен қарсыласу. Көшбасшының ісіне араласуға бағытталған кез-келген қызметті қаншалықты жылдам бүтіндей жоқ ететіндігімен анықталады. Сонымен қатар ұйым–көшбасшының мүмкіндіктері келесідей бағаланады:
- егер бәсекелестер нарықтық өзінің үлесін, мысалы бағаны арзандату арқылы, ұлғайтқысы келсе, онда кең көлемді қарсы қатал шара қолдану;

  • тұтынушылар мен жабдықтаушылар үшін тиімді мәміле жасау;

  • қарсылық көрсететін кәсіпорындарға көшбасшы ізімен қалай жүру керектігін «есіне түсіру».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет