Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Көп жабдықтық қызмет көрсету нысандары, өндірістің алуан түрлеріндегі жұмыс орындарына қызмет көрсету жуйесі



бет102/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Көп жабдықтық қызмет көрсету нысандары, өндірістің алуан түрлеріндегі жұмыс орындарына қызмет көрсету жуйесі

Еңбекақының жүйелері және нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін сандық немесе сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбекақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.
Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбекақының көп тараған екі нысаны: келісімді және мерзімділік.
Мерзімді еңбекақы – қызметкерлерге белгіленген тарифтік ставка бойынша есептелген немесе атқарылған жұмыстың көлеміне қарай берілетін төлем.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің айлығын белгілеген кезде еңбекақының минималды деңгейін жне бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы еңбекақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді.
Мерзімдік ақы төлеу – қызметкерлердің еңбегіне олардың нақты істеген уақытына сәйкес, олардың біліктілігі және еңбек жағдайын ескере отырып ақы төлеу.
Келісімді еңбек ақыны – қызметкерлердің еңбегіне олрдың белгілеген сапада өндірген өнімінің көлеміне қарай ақы төлеу, ол орындалға жұмыстар немесе дайындалған өнімдердің жекелеген түрлеріне арналған алдын-ала белгілеген баға бойынша есептеледі.
Келісімді еңбек ақы төлеудің мақсаты:
• өнідіріс көлемін арттыруды қамтамасыз ету;
• олардың қорытындылры мен еңбектің прогресті нормасын белгілеу.
Демек, келісімді еңбекақы ең алдымен жұмыстың көлемдік сандық көрсеткіштерін жақсартуға ынталадырады.
Еңбекақының тікелей ұжымдық кесімдік жүйесі арқылы үйлесімді үлгіде ұжымдық кесімді бағалауды пайдаланумен және тұтас бригаданың шығарған өнімін (орындаған жұмысының) жалпы көлемі анықталады.
Кесімді-сыйлық жүйесі арқылы жұмысшы және жұмыс бригадасы бойынша атқарылған жұмыстан басқа тікелей кесімді бағалау бойынша белгілеген сандық және сапалық көрсеткіштер орындалғанда және асыра орындағанда төленетн сыйлық. Оның мөлшері сыйлық беру туралы белгіленген ережелерге сәйкес болуы қажет.
Қызметкерлердің еңбекақысының мерзімдік сыйлық жүйесінде сыйлық беру кезінде негізінен сандық көрсеткіштер кесімді-сыйлық жүйесіндесапалық көрсеткіштер ескеріледі.
Жалақының жанама-кесімді жүйесі негізі қызметкерлерге тікелей қызмет көрсететін қосымша қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін қолданылып жанама кесімді бағалауды анықтайды.
Мейрам кезінде жұимыс істеген жұмысшының немесе қызметшінің қалауы бойынша оған басқа күні демалыс берілуі мүмкін (ЕТЗК, 84 бап). Мұндай жағдайда мереке күнгі жұмыс үшін ақы төлеу бір ақ рет жүзеге асырылады.
Егер тынығу күнін басқа уақытқа алмастыру мүмкін болмаса демалыс күнгі жұмыс екі есе төленеді. Түнгі жұмыс үшін ақы төлеу жоғарғы мөлшерде іске асырылады. өнеркәсіпте оның мөлшері түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатыүшін тарифтік ставканың 20 пайызы мөлшерінде, ал тоқыма және нан пісіру өнеркәсібінде 50 пайыз мөлшерінде белгіленген. Түнгі уақыттағы жұмысшыларды еңбекақысына қосымша төлеу өнеркәсіптің басқа объектілерінде де көзделген.
Бірнеше жұмысты қатар істегенге ақы төлеу бұл лауазымға белгіленген біріккен жалақы есебінен жүзеге асырылады. Бірақ біріккен толық жалақының жартысынан аспауы тиіс.
Бірыңғай еңбек нормалары - экономикалық қызметтің бір немесе бірнеше түрлеріне арналған өндірістің ұқсас жағдайларында бірдей технология бойынша орындалатын жұмыстарға әзірленеді және оны жұмыс берушілер тиісті жұмыс түрлеріндегі қызметкерлердің еңбегін нормалау кезінде эталон ретінде қолданады. Еңбек нормалары - шығарылатын өнімнің өзіндік құнын айқындау кезінде аса маңызды көрсеткіштердің біреуі болып табылатын оңтайлы технологиялық және еңбек процесін таңдау үшін, қызметкерлер мен өндірістік жабдықтың санын айқындаудың құралы ретінде қызмет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет