Кәсіпорын персоналының құрылымы. Барлық кәсіпорындар үшін персоналды:
негізгі және көмекші,
басшылар,
мамандар мен жұмыскерлер деп бөлу қарастырылған.
Одан кейінгі персоналды:
жас,
білім деңгейі,
еңбек тәжірибесі және басқа да белгілері бойынша жүргізіуі мүмкін.
Еңбектік әлеует – еңбекке қабілетті әртүрлі топтағы адамдар санының, сапа мен өлшемінің интегралдық сипаттамалары. Оның сандық сипаттамасы – нақты бір күнге немесе белгілі кезеңде персоналдың нақты саны. Еңбек етуші персоналының сапалық сипаттамалары – персоналдың жұмыс жасауға кәсіби және мамандығылық даярлығы.
Еңбектік әлеуетті бағалау кәсіп және мамандығы бойынша жүргізіледі.