Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Амортизацияны бірқалыпты есептен шығару (түзу сызықты) әдісі



бет15/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Амортизацияны бірқалыпты есептен шығару (түзу сызықты) әдісі. Ең қарапайым болып табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделінген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. Мұнда амортизациялық аударымдар сомасы келесілерге сүйене отырып белгіленеді:

  • пайдалы қызмет мерзіміне; оны анықтау үшін берілген кезеңдегі нысанның күйі (жағдайы) туралы бүкіл қолдағы бар ақпаратты ескеру қажет (жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, технологиялар мен өндірістер саласындағы қазіргі беталыстар, осыған ұқсас активтермен жұмыс жасау тәжірибесі, ауа райлық жағдайлар және т.б.);

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 24 сәуірінен №2235 «Салықтар және өзге де міндетті бюджеттік төлемдер туралы» Заң күші бар жарлығына, ҚР Президентінің 1995ж. 21 желтоқсандағы № 2703 Заңының күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен бірге бекітілген шектік амортизациялық мөлшерлері.

1999 жылы 3 қазан күнгі Қазақстан Республика Мемлекетінің № 1308 қаулысы бойынша мемлекеттік мекемелер үшін бекітілген негізгі қорлардың жылдық тозу мөлшерін пайдалана отырып, негізгі қордың пайдалану уақытын анықтаймыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет