Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет17/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Hap = (Ф - О)  100 / Т

мұндағы: Hap – реновацияның (толық қалпына келтіру)


аморизациялық мөлшері;
Фнегізгі қорлардың бастапқы теңдестік құны;
Онегізгі қорлардың қалдық құны;
Т - негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі.
Берілген әдістемелік тәсіл негізінде амортизациялық мөлшерлер жүйесін құруда амортизациялық аударымдар мөлшері негізгі үш түрде болуы мүмкін:

  1. Негізгі капиталды жөндеуге жұмсалған орташа жылдық шығынды ескермейтін амортизациялық аударымдар мөлшері.

  2. Негізгі капиталды жөндеудің орташа жылдық шығынын ескеретін амортизациялық аударымы мөлшері.

  3. Барлық жөндеу түрлеріне жұмсалған орташа жылдық шығынды ескеретін амортизациялық аударымдар мөлшері.

Бұл мөлшерлерді есептеуге ескі еңбек құралдарын жаңасына ауыстыру, немесе толық қалпына келтірудің мөлшерлі мерзімі іргелі болады.
Бірқалыптық әдістердің бірқатар кемшіліктері де бар. Біріншіден, оларды пайдалану кезінде негізгі капитал толық амортизацияланбайды, сондықтан құнын жоғалту, шығынға ұшырау қаупі төнеді.
Екіншіден, амортизацияны бірқалыпты есептеу әдісін қолдану нақты кәсіпорында сапалық тозу нәтижесінің қарқындылығына байланысты, негізгі капиталды алмастыру үшін қаржы ресурстарын жедел түрде шоғырландыруға мүмкіндік бермейді.
Амортизация жұмыстың орындалған көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік тәсілі). Бұл әдістің мәні мынада: амортизациялық аударымдар нысанды пайдалану кезеңінде ғана қолданылады, яғни амортизация сомасы мен өндірістік қуат арасында тікелей тәуекелділік бар және мұнда амортизацияны анықтау үшін құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімінің маңызы жоқ. Өндірістік қуаты шығарылатын өнім бірлігімен, пайдалану сағатымен, жол ұзақтығының бірлігімен және т.с.с. өлшенуі мүмкін. Негізгі қордың теңдестік құны қалдық құнына жеткенге дейін жыл сайын өндіріс қуатының көрсеткішіне пара-пар түрде кеми береді.
Өндірістік әдісті пайдалану мерзімі субъектінің шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен немесе техникалық көрсеткіштермен шектелген жағдайда өте оңтайлы әдіс болып табылады.
Мысалы: Көшірме құрал-жабдығының техникалық құжатына сәйкес 500 000 көшірме басуға немесе 10 000 сағат бойы жұмыс жасауға қабілетті. Қондырғының бастапқы құны – 30 000 000 теңге, қалдық құны – 3 000 000 теңге. Осы деректерге сүйене отырып амортизация аударымын анықтаймыз:
а) (30 000 000 тенге – 3 000 000 тенге) / 500 000 көшірме = 54,0 тенге/көшірме;
б) (30 000 000 тенге – 3 000 000 тенге) / 10 000 = 2700,0 тенге/сағат.
Есептік жыл ішінде көшірме қондырғыда 110 000 көшірме басылуы керек, жұмыс уақыты 1900 сағат құрайды. Бұл жағдайда бір жылдық амортизациялық аударымдары:
54,0  110 000 = 5 940 000 теңге
2700,0  1900 = 5 130 000 теңге
Тәжірибе жүзінде субъект негізгі капитал нысанның өндірістік қуатын сипаттайтын көрсеткіштердің біреуін ғана таңдауы тиіс.
Егер пайдаланудың бірінші жылында қондырғы 50 000 көшірме жасайтын болса, екінші жылы – 75 000 көшірме, үшінші жылы – 100 000 көшірме, төртінші жылы – 125 000 көшірме және бесінші жылы – 150 000 көшірме жасалынады деп шамаланса – амортизация аударымын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет