2.Тарифтік ставкалар мен окладтар Төленетін еңбекақыны анықтау үшін, еңбек шығынынан бөлек, тарифтік кестені білу қажет. Еңбекақы төлеу реформасының негізін Біртекті Тарифтік Кесте құрайды.
Біртекті Тарифтік Кестені (БТК) құрайтын 21 – разрядты шкала ішіне барлық кәсіптер мен қызметтердің разряд бойынша тізімі жазылған. (8.1 кесте). Жұмыскерді қандай да бір мамандық- қызметтік топқа жатқызу олардың еңбек күрделілігіне негізделіп жүргізіледі.
Еңбек күрделілігі дегеніміз – орындалатын жұмыс мазмұнын білдіретін оның ақиқаттык қасиеті – ол жұмыскер мамандығына қоятын талаптардан көрінеді.
Басқаша айтқанда еңбектің күрделілігі мен жұмыскер мамандығы, белгілі бір дәрежеде, барабар, өлшемдес ұғымдар болып табылады, сол себепті жұмыскер мамандығы оның атқаратын жұмыс күрделілігін мейлінше дәл көрсетеді. Жұмыскер мамандығы – бұл сапалық ұғым және оның тікелей сандық өлшеуіші жоқ. Бірақ оның жанама түріндегі өлшеуіші болып оны игеруге жұмсалған уақыт есептеледі. Кестені түзуде, жұмыскердің жеке қасиеттері ескерілмейді, дегенмен олар да мамандықтың маңызды бөлігін құрайды. Қызметкердің мамандық деңгейін өлшеу үшін оны қандай да бір қызметке кірісуге даярлану ұзақтығы алынды. Бұл дайындық үш сатыдан - жалпы және арнаулы білімі, сонымен қатар берілген қызметке кірісу кезіндегі жұмыс өтілінен тұрады. Жұмыс өтілінің берілген қызметті атқаруға қажетті қызметтердегі жинақтаған тәжірибесімен ғана есептеледі.