Құрамы, мақсаттық міндетіне және еңбек үдерісінде атқаратын қызметіне қарай негізгі қорлардың жоғарыдағы топтарын қарастырайық:
- Ғимараттар – еңбек етуге, тұруға, тұрғындарға әлеуметтік-мәдени қызмет етуге жағдай жасау мен материалдық құндылықтарды сақтауға бағытталған сәулет-құрылыс субъектілердің қызметі,сонымен қатар көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстакадалар, ұңғымалар және т.б
- Құрылыстар –өндіріс үдерісін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері;
- Күш машиналар мен жабдықтар – электр, жылу немесе механикалық энергияны беретін жабдықтар (электр – тасымалдау желілері); электр және жылу энергияларын өндіруге пайдаланатын генератор – машиналар, сондай- ақ әр түрлі энергия түрлерін қозғалыс энергиясына, яғни механикалық энергияға түрлендіруге пайдаланылатын барлық қозғалытқыш – машиналар жатады.
- Машиналар мен жабдықтар –күш машиналары мен құрал-жабдықтар, жұмыскер машиналар мен құрал-жабдықтар; өлшеуіш және реттеу аспаптары; есептеуіш техника; басқа да машиналар және техникалар, сонымен қоса автоматты машиналар мен құрал-жабдықтар.