Физикалық-химиялық процестерге материалдардың физикалық-механикалық және механикалық қасиеттері, олардың ішкі құрылымы өзгеріске ұшырайтын процестер жатады (химиялық, жылу, диффузиялық, еріту, электрохимиялық және басқа да процестер).
Сонымен қатар, еңбек заттарының орнын ауыстыру бойынша транспорттық процестерді және олармен байланысты тиеу-түсірупроцестерін; дайындалған еңбек заттарының белгіленген стандартқа немесе техникалық жағдайларға сәйкестігін сынау және тексеру бойынша бақылау процестерін; өндірістік процестердің жекелеген түрлерінің жүру жағдайлары мен параметрлерін зерттеу бойыншазерттеу жұмыстарын; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау бойынша геологиялық барлау процестерін ажырату қажет.
Өндірістік процестің негізгі бөлігі кезеңінің ұзақтығы бойынша үздіксіз және үзілісті процестерді ажыратады.
Үзілісті процестер процестердің кезеңділігімен және қайталануымен сипатталады. Оларға, мысалы, геологиялық барлау және бұрғылау жатады.
Үздіксіз өндірістік процестерде кезеңділік белгісі болмайды, технологиялық процесс үздіксіз жүреді, процестің үзілстілігі мен қалпына келтірілуі оның технологиялық ұзақтығымен емес, мысалы, мұнай өндірісіндегі секілді, жабдық жұмысының жөндеу аралық мерзімінің ұзақтығымен анықталады.
Осылайша, өндірісті ұйымдастыру – бұл еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы.