2. Түзілу көздерібойынша айналым капиталы меншікті және несиелік болып бөлінеді. Меншікті айналым капиталы өнеркәсіпте шамамен 40 пайызын құрайды және ең алдымен пайдадан бөлінетін төлемдер есебінен құралады.
3. Ұйымдастыру қағидаларыбойынша айналым капиталы мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді. Мөлшерленетін айналым капиталына өндірісте қажетті материалдық запастар, аяқталмаған өндіріс өнімі мен қоймадағы дайын өнім жатады. Мөлшерленетін айналым капиталына өндіріс өрісіндегі айналым қорларының барлық элементтері кіреді. Айналыс өрісінде дайын өнімді алу үшін затқа айналған еңбекке жұмсалған айналым капиталы ғана мөлшерленеді.
Мөлшерленбейтін айналым капиталына мыналар жатады: жөнелтілген өнім, есеп айрысу шотында және есептесудегі ақша қаржылары мен дебиторлық қарыздар жатады.