Әдебиет №8, 158 – 162 беттер.
Сырықтың көлденең қимасы оның ұзындығынан әлдеқайда кіші болып және ол бойлық сғатын күштің әсеріне ұшыраса, осындай жағдайда сығушы күштің шамасын бірте-бірте көбейте отырып, сырықты бастапқы орнықты тепе-теңдік қалпынан ауытқытып майысуына жеткізуге болады екен. Сырықтың осындай күйге ұшырауы оның орнықрылығын жоғалтуы деп аталады.
Сырықтың орнықрылығын жоғалтуына жеткізетін күштің шамасын аумалы (критическая) күш деп атайды. Машина бөлшектеріндегі және әсіресе құрылыстағы жүк көтеруші сығылған сырықтардың орнықтылығын жоғалтуы үлкен апаттарға соқтырады. Сондықтан сығылған сырықтардың орнықтылығын қамтамасыз етуге, яғни оларды орнықтылыққа есептеуге, үлкен мән беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |