Лекциялар конспектісі жинағы ш ымкент, 2021 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


«Теориялық механика және материалдар кедергісі» пәні



бет2/51
Дата13.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#125892
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
344266 2
«Теориялық механика және материалдар кедергісі» пәні.

  1. Теориялық механика.

1 Лекция. Кіріспе. Теориялық механика пәнінің негізгі ұғымдары.

Қарастыратын сұрақтар:



  1. Статика ұғымы, статиканың аксиомалары;

  2. Күш, күш моменті ұғымы, теңәсер күш;

  3. Күштерді өске және жазықтыққа проекциялау;

  4. Байланыстар ұғымы, олардың түрлері.

Әдебиет №3, 8 – 20 беттер.

Теориялық механика (ТМ) пәні көптеген ғасырлар бойы қарапайым механикалық қозғалыстардың заңдылықтарын зерттеудге зор үлесін қосыпкеледі. Механикалық қозғалыс (МҚ) дегеніміз материалды денелердің кеңістіктегі орнын уақытқа байланысты өзгертуі болып табылады. Денелердің уақытқа байланысты кеңістіктегі орны өзгермесе олар (МҚ) жасамаған болады. Денелер бір бірімен әсерлескенде ғана қозғалысқа ұшырайды. Денелердің бір бірімен әсері күштер арқылы сипатталады. Күш векторлық шама болғандықтан оның қалай және қай бағытта түсіріліп тұрғанын және шамасын анықтауға болады. Табиғатта күш жеке кездаспейді, әр бір сәтте кез келген күшке, сол күшке шамасы тең бағыты қарама қарсы әсер туындап отырады. (ТМ) пәні денелердің тепе-теңдігін және қозғалысының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Денелердің қозғалысын зерттеу үшін оған әсер ететін денелерді алып тастап, олардың әсерін күштермен алмастырады.

(ТМ) есептерін шешуді оңайлату үшін табиғатта кездесетін денелердің үлгісін (моделін) қарастырады. (ТМ) пәнінде денелер абсолютті қатты деп қарастырылады. Кейде қатты дененің қозғалысын зерттеуде оның кез келген бір нүктесінің қозғалысын зерттеу ыңғайлы болады, сондықтан материалық нүкте ұғымы енгізіледі. Денелердің қозғалысын зерттеу үшін олардың кеңістіктегі орын ауыстыруларын басқа бір денелермен салыстыра отырып анықтауға тура келеді. Осы мақсатта таңдап алынған дене немесе денелер санақ денелері болып табылады. Сол қабылданған санақ денелерімен қатаң байланыстырылған координаттар жүйесі санақ жүйесі деп аталады.

(ТМ) пәні негізінен келесі үш бөліктен тұрады: статика, кинематика және динамика. Пәннің статика бөлімі әртүрлі күштер жыйынтығын және сол күштер әсеріне ұшырайтын абсолютті қатты денелердің тепе-теңдігін зерттейтін ілім болып табылады. «Теориялық механика және материалдар кедергісі» пәнінде (ТМ) пәнінің осы статика бөлігі қарастырылады.

Статиканың (С) негізгі ұғымдарына күштер, күштер жүйесі, абсолютті қатты дене ұғымы, матенриалық нүкте, байланыстар, байланыс әсер күштері, санақ жүйесі болып табылады. Абсолютті қатты дене дегеніміз сыртқы күштер әсерінен дененің деформациясы, яғни өлшемдерінің өгеруі, өте аз болатындықтан шартты түрде нөлге тең деп алуға болатын денелер. Егер санақ жүйесінде Нютонның бірінші заңы орындалатын болса сол жүйе инерциалды жүйе деп аталады, (ТМ) пәнінде осындай жүйе қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет