Статиканың аксиомалары. аксиома. Денеге түсірілген екі күштің әсерінен ол тепе-теңдік қалыпта тұрады,
егер ол күштер шама жағынан тең әрі бағыттары қарама-қарсы болса және бір сызықтың бойымен әсер етсе.
аксиома. Денеге теңгерілген күштер жүйесін түсіргеннен немесе теңгерілген
күштер жүйесін алып тастағаннан дененің бастапқы жағдайы өзгермейді.
Теорема. Күшті әсер ету сызығы бойымен бір нүктеден екінші нүктеге жылжытуға болады одан күштің абсолютті қатты денеге әсері өзгермейді.
аксиома. Қатты дененің кез келген бір нүктесіне түсірілген екі күшті сол
нүктеге түсірілген тең әсер күшпен алмастыруға болады. Тең әсер күш берілген күштерден құрастырылған параллелограмның диогоналына тең болады (4-Сурет).
Мұндағы = 1 + 2 күштердің векторлық қосындысы, ал оның модулі келесі:
немесе
өрнектерімен анықталады.
1
А
2
4 – Сурет.
аксиома. Әр сәтте кез келген әсерге, бағыты қарама қарсы, тең шамалы карсы
әсер табылады.
аксиома. Егер деформацияланатын қатты дене бір себептерге байланысты
абсолютті қатты денеге айналса, онда оның бастапқы тепе-теңдік күйі сақталады. Бұл аксиома кейде қатаю заңы депте аталады.