Күштердің моменті. Қос күштер.
Күштің нүкте немесе өс айналасындағы моменті дегеніміз осы күштің бағыты мен нүктеге дейінгі немесе күштің өске перпендикуляр құраушысы мен өске дейінгі ең келте ара қашықтыққа көбейткенге тең скалярлық шама болып табылады. Күш бағыты мен нүктеге немесе өске дейінгі ең келте қашықтық күш иіні деп аталады. Моменттің бағыты сағат тілі жүрісіне кері бағытталса оң, ал оған бағыттас болса теріс таңбалы деп қабылданады.
Қос күштер деп шама жағынан бір біріне тең, бағыттары қарама қарсы бір сызықтың бойында жатпайтын күштерді айтады. Мұндай күштердің тең әсер күші нөлге тең, брақ олар теңгерілмейді. Олар денені өздері жатқан жазықтық бетінде айналдыруы мүмкін, ол қос күштердің моментінің әсерінен туындайтын құбылыс болып табылады. Қос күштер моменті сол екі күштің ара қашықтығын күш шамасына көбейткенге тең болады (6-сурет), яғни [Нм].
h
6 – Сурет.
Бақылау сұрақтары:
Теориялық механика нені зерттейтін пән, ілім?
Статика бөлімі нені зерттейді?
Күш дегініміз не, олар қайдан пайда болады?
Күштердің қандай түрлері болады?
Күштердің өлшемі қандай?
Сыртқы беттік күштер мен көлемдік күштердің айырмасы неде?
Күштерді өске қалай проекциялайды?
Күштерді жазықтыққа қалай проекциялайды?
Қос күштер деген қандай күштер?
Күштің нүктеге қатысты моменті дегеніміз не?
Күштің өске қатысты моменті дегеніміз не, ол қалай анықталады?
Қос күштердің моменті неге тең болады?
Моменттің өлшемі қандай?
Статиканың аксиомалары дегеніміз не?
Байланыстар дегеніміз не?
Байланыстың түрлері қандай?
Байланыс реакциялары дегеніміз не?
Байланыс реакциялары актив күш пе әлде реактив күш пе?
Байланыс реакциялары қалай анықталады?
Статиканың заңдарын, тәсілдерін білу не үшін қажет?
№2 Лекция. Тепе-теңдік шарттары Жазықтық тепе-теңдік.
Қарастыратын сұрақтар:
Жазық күштер үшін тепе-теңдік шарттары;
Жазық күштер жүйесін бір орталыққа келтіру;
Бас вектор мен бас момент;
Жазық күштер жүйесін қарапайым түрге келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |